С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова


Асық ойынының бала дамуына қосар үлесі



бет8/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

1.3 Асық ойынының бала дамуына қосар үлесі

Асық ойыны – тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында бала қарсыласының қандай ойыншы екендігін дұрыс анықтауға ерекше мән береді, оның күш-қабілетін тура бағалау ережесіне ереді. Ойыншы бәсекесі мол қарым-қатынастың тәртібіне жүгінеді. Әр ойынның өз тәртібі, тәсілі, тәжірибесін білген бала тезірек қалыптасады, жан-жақты жетіледі. Асық ойыны – баланың қабілет-қасиетін ширататын жүйелі іс-әрекеттің көрінісі. Осындай белсенділікке қазақтың балалары ерте араласқан. Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа-әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр-түсі әр түрлі болып шыға келеді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі-үш жасында-ақ еркін ажыратады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімділігін арттырады.

Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан-ақ қалыптасқан. Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық. Асық ойындары – қимыл-қозғалысқа құрылған ойындар. Асық ойындарының әліппесі саналатын «Төрт асық» ойыны балалардың жас кезінде, енді-енді қимыл-қозғалысы көбейіп келе жатқанда ойналады. Әсіресе ыстық кезде бала аздау қимылдасын деген ниетте дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін арттырады.

«Төрт асық» деген ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт-бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет