С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет5/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

Күтілетін нәтиже:

Бала біледі:



  • Бала асықты атуды үйренеді. Ойын ережесі, әдіс-тәсілдері туралы түсінік алады, топтық жұмыс істеуге үйренеді.

Бала меңгереді:

Бала жасай алады:

- Ұлттық ойынға деген қызығушылығы артады. Өз бетімен асық ойынын ойнай алады;

- Топпен жұмыс жасауды үйренеді, жеңімпаз болуға талпынады.

Аптасына – 1 сағат

Барлығы – 32 сағат

5

1 Бөлім



1.1 Асық ойыны – ұлттық қазынамыз

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы»,- деп ел келешегіне үміт артады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың өнеге-өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Осындай тәрбиенің бірі әрі бірегейі болып табылатын құндылықтарымыздың бірі – ұлттық ойын түрлері.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал өсіруге негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген: тоғызқұмалақ, ләнгі, асық т.б. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой – ешкінің тілерсегінде, асық жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйкі, бүк, ішік деп, ал атуға арналған асық сақа деп аталады. Асық ойыны мектепалды жастағы балаларға ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Асық ойыны балаларды мергендікке, ептілікке, баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, бала жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы ғана емес, сонымен қатар ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, саусақтары, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Кем екі баладан бастап қанша бала ойнаса да, үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен құрдас бір-біріне бәсекелесіп ойнаса да әбден болады. Жүгіреді, секіреді, көздейді, тигізеді, жеңеді, жеңіледі, ұтады, ұтылады. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Ұлттық ойын.

Ұлттық тәрбие. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Асық ойынының еңбектенген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері бар. Асық ойнау, біріншіден денені шынықтырады, екіншіден адамға барлық дене құрылысының дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

6

Асық ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Сондай-ақ баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа, достық қарым қатынасқа тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет