Сабақ түрі: Ойын-сабақ.
Ойын барысы: Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Шапалақты ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы «Ұлттық ойындар» дегенді қалай түсінеміз?
Балалар өз ойларын айтады.
(Ұлттық ойын туралы слайд көрсету және таныстыру)
Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, бүгінгі ұрпақпен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. «Ойын» дегеніміз – ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Халықтың даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған – өмірде де озады» деген аталы сөзге жүгінсек, ойынға деген қызығушылық, қарым-қатынас, мінез-құлық көрінісі есейгенде де жалғаса береді екен.
Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың «Бәйге», «Қыз қуу», «Қазақ күрес» сияқты т.б. спорттық ойындармен өткізіледі.
Сергіту сәті: Қыз қуу.
Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады. Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
26
Тәрбиеші: Балалар сендер асық ойнауды білесіңдер ме?
Достарыңызбен бөлісу: |