Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: «Қақпақыл» ойынының ережесін біледі.
Нені меңгереді: Алақанының сыртымен қағып алуды меңгереді.
Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау.
29
3 Бөлім
3.1 Асық ойыны ұрпаққа аманат
(Ата-анамен жұмыс)
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау. Асық ойынының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: - Қайырлы күн құрметті ата-аналар және әріптестер! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының арасында ұйымдастырылған «Білгенге маржан» интеллектуалдық дамыту «Асық ойыны – ұлттық қазынамыз»зертханалық іс-шарамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі іс-шарамыздың негізгі тақырыбы «Асық ойыны ұрпаққа аманат». Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық!
1. Мектепалды даярлық тобының балаларының орындауында «Асық» әнін қабыл алыңыздар.
2. Бір топ балаларымызды «Домбыра» биімен ортаға шақырайық.
-Рахмет, балалар, өркендерің өссін. Асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Осы асық ойынын біздің батырларымыз да, ақындарымыз да ойнап өскен. Қазір балалар балпаң баса бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қолына планшет, телефон беріп қоятынын көріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан баланың зейіні тұйықталады, көзінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қисаяды және кәдуілгі адами қарым-қатынасты ұмытады. Олай болса баланың тұла бойындағы даму процестерін дамытуға керемет әсер ететін ойын – асық ойыны. Ендеше неге балаларымызға асық ойнап, сақа сыйлауды үйретпеске. Ол үшін экранға назар аударайық (слайд көрсету).
Асық дегеніміз не?
Асық түрлері.
Асық атаулары.
Асық ойындарының денсаулыққа тигізер пайдасы.
Асықты дұрыс ұстауды үйренейік!
Достарыңызбен бөлісу: |