С. Нурсейтова «Бегім Ана» балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі



бет1/5
Дата24.04.2017
өлшемі0,63 Mb.
#14712
  1   2   3   4   5
С.Нурсейтова

«Бегім Ана» балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі,

Қызылорда қаласы

ІІ- кіші «Балапан» тобы

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: «Сурет», «Көркем әдебиет»



Мақсаты: Күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Жемістер( алма, алмұрт, жүзім, шие) туралы түсініктерін кеңейту.Көкеніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету.

Балаларды сурет салудағы натура түсінігімен таныстыру;бейнелейтін заттарының көлемін қағаз форматына сәйкес таба білуге үйрету; суретте заттардың пішінін,түсін орналасуын натураға ұқсас етіп беру. Өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру. Қарапайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: жыл мезгілі күз суреттері, бақ пен бақша слайды, фланеграф, жемістер суреті

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қылқалам, гуаш түрлері, жемістер баспа түрлері (алма, алмұрт), жеміс жуатын ыдыс, сүрткіш техникалық құралдар т.б.

Әдіс-тәсілдер: сөздік, миға шабуыл, ойын, практикалық жұмыс, арт-терапия компоненттері.

Билингвистік компаненті:күз-осень, жемістер-фрукты, алма-яблоко, алмұрт-груша, шие-вишня.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қане ,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта ,шапалақ,

Шапалақта, шапалақ.

- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге «күз ханшайымы» келу керек еді.

Осы кеде тәрбишінің өзі «Күз ханшайымы» болып киініп келеді.

- Сәлеметсіздер ме балалар!

- Мен өзіммен бірге бақта жерге түсіп қалған жемістерді ала келдім...



Балалар жылулық шеңберін айта отырып қимыр іс-әрекет жасайды.

Балалар амандасады.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Бүгінгі оқу іс-әрекетін «Күз ханшайымы» өкізеді қарсы емесіңдер ме?

-Балалар жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қанша ай бар?

Күз мезгіндегі үш айдың өзіне тән аттары бар

-Қәне кім айтады қыркүек айын қандай ай деп атаймыз?

-Ал қазан айын қалай атайды?

-Ал қараша айын қалай атайды?

( балалар қиналған жағдайда көмектесіп жіберемін)

Жарайсыңдар балалар өздерің жақсы біледі екенсіңдер!

Слайтқа назар аударыңдар бұнда бірнеше ойын түрлері берілген

Ойын : «Бақта ма .бақшада ма?» « Артық затты тап?»

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіне бірнеше тапсырмалар ала келдім . Ол тапсырмаларды өнер, стол үсті және зерттеу орталықтарында жұмыс жасайыңдар.



- Енді мұқия тыңдаңдар!

Орталықтарға бөліну:

1. Өнер орталығындағы балалар жемістердің суретін,баспа әдісін пайдалана отырып жұмыс жасайды. Суреттегі табақшаға алма, алмұрттың суретін орналастырады.

2. Стол-үсті орталығындағы балалар фланеграфтың үстіне жемістерді пішініне қарай орналастырады . «Қай жеміс жоқ?» атты ойын ойналады.

3. Зерттеу орталығында Мантосорйдың элементін пайдаланып,жемістерді жуып және сүртіп дастарханға әзірлік жасайды.

Балалар өздеріңнің таңдаған орталықтарыңа жайғасыңдар.

Сылдырмақ арқылы шеңбрге жинап сергіту жасау.

Келесі айналымда балалар ауысады.



«Күз ханшайымы»

- Балалалар бүгін сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар енді менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар!



Қазір жылдың күз мезгілі

Күз мезгінде үшай бар

Қыркүек ,қазан, қараша айлары

Қыркүйек айын берекелі-мерекелі ай деп атаймыз

Қазан айын жаңбырлы, желді ,ызғарлы айдеп атаймыз

Ал қараша айын жартылай қыс айы деп атаймыз.

Ойынды қызыға орындайды

Балалар өнер орталығында алма мен алмұрттың жартылай пішінін пайдаланып баспа түрде сурет салады.

Жемістерді пішініне қарай орналастырады,олардың түсін және қанша зат екенін санайды.Ойынды балалар қызыға орындайды.

Балалар берілген тапсырманы тиянақты етіп жасайды.

Сергіту жаттығуын орындайды

Сегіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма жинап алайық,

Ең үкенін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.

Сау болыңыз !«Күз ханшайымы»



Рефлексиялық -түзетушілік

Балалар бүгінгі орталықтарда қандай жұмыс жасағаны.

Сендер берекелі-мерекелі күзге байланысты кім.

Замира:

Жемісі мол теретін



Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Ж.Айзере:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз кеді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Сырым:

Апорт деген алма бар



Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алиаты оның Отаны.

Ән: «Уражай собирай»

Бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатысып отырғандарың үшін алғысымды білдіремін!


Оқу іс-әрекеті жайында толық айтып береді

Балалар тақпақ оқып береді



Айгүл:


Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Бекдәулет:

Күн суытып

Жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды,

Қабамызға құйылды.

Балалар әем ән орындайды.

Қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, жемістерді ажырату

Игереді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы мағлұмат алды.

Меңгереді: Жемістердің суретін салып, пішінін, түрін, түсін, дәмін ажырып меңгереді.

«Бегім Ана» балабақшасы

Нүрсейтова Сәнімкүл Жаксыбаевна

І-санатты тәрбиеші


Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз, әсем айналам » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Жүргізуші:

Ал, балалар,балалар, 


Енді бері қараңдар 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші 
Әуелі жұмбақ жасырам 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін 
Қонағымды ортаға шақырамын. 

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін 
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
 

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым, 
Өмірге көп қосқаным, 
Күз сыйлығын алыңдар 
Сыйлығына қаныңдар. 
Молшылыққа кенеліп, 
Шаттық әнге салыңдар. 

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. 

Райяна
1. Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз. 
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.  
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен 
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

Әлия
2. Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз, 
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз. 
Інжу
3. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей, 
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей 
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді. 


Шұғыла
4. Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды, 
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін 
Біздің дала бай дала, астық толы айнала. 
Айару
5. Алып келді мереке, астық жеміс береке, 
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ. 
Жанерке
6. Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді, 
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.  

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер 


Жайнап гүлдей жүріңдер 
Күздің тойын тойлайық 
Би билейік, ойнайық. 

Ән: « Алтын күзге молшылық» қабыл алыңыздар!

Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік. 

Қыркүйек: Нұрали

Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан 


Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады 

Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды. 



Қазан: Төлегетай

Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты 


Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы. 

Қараша: Мадияр

Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық 


Қараша өрледі, қараша ән салып 
Күн суытып барады, малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз. 

Жүргізуші:

Кездескен соң күзімен, 


Бұтағынан үзілді. 
Ай жапырақ-сары алтын 
Айналанын бәрі алтын. 

Кезекті әнге берейік. «Жау-жау жаңбыр» әнің қабыл алыңыздар! (Қарақат, Каусар, Жанерке, Іңкәр, Нұр, Сұлтан, Айару.)


Жүргізуші
:

Әсем әуен салдырған 


Сәбилер де алғыр жан 
Бал дәуреннің қызығын 
Есте қалар балдырған. 
Кезегімізді өлең шумақтарға берейік. 

Мадина
1.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді 
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып, 
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп. 
Ұлықпан
2. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі 
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,
Күн суытып, жапырақтар түседі. 
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен. 
Каусар
3. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі. 
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды. 
Сұлтанбек
4. Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын,сары күз, 
алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз
көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп  
асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп. 

Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін

Тамаққа келіп түсетін 

Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі. 


Көкөністер дауы (көрініс)

Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ , қырыққабатқа қарашы!

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.



Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Бұршақ:

-Кішкене түймедеймін мен, Төлегетай

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

Тәрбиеші: Ызыланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті.

Қызылша:


-Мен де бір сөз айтайын, Карим

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.

Қырыққабатта қалыспай ортаға шықты

-Мақтанғаннан не пайда? Нұр

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана!

Қияр:


Дәмім тілді үйірген, Нұрали

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын Ұлықпан



Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Қызанақ
Піскен кезде қызанақ; Сұлтанбек

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?

Пияз:


Боламын мен дімдеуіш, Мадияр

Барлық – барлық тағамға .

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.


Көкөністер: бәрі бірге

-Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:

-Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер!
«Көкеністер» биі. Полька
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет! Мен сендерге ойын ала келдім. Ойынымның аты «жемістер мен көкеністерді ажырат»

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек береміз. 

Қарақат:
1. Өнім үйіп тастадық 
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз, 
Ашық болсын аспаның. 

Аделя:

2. Жетті желмен алтын күз, 


Жеміс жинау салтымыз 
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз, 
Мол өнімді жинаймыз 
Елге бәрін сыйлаймыз. 

Жания:
3. Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін 
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ, 
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ. 
Зере:
4. Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап, 
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ 
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап. 
Іңкәр:
5. Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ, 
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз 
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз. 
Эльнура
6. Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз, 
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз, 
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып. 

Ән: «Осень наступила» Орындайтындар: Әлия, Зере, Аделя, Төлегетай, Карим, Нұрали, Раяна
Жүргізуші:

Табиғат ана ғой, тағдыр ғой күз деген

Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
Көрініс: «Қайдан келдің бауырсақ?»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет