С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы



бет14/38
Дата26.12.2023
өлшемі3,34 Mb.
#199523
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы

Екі негізді қышқылдардың көмірсутектік тізбегінде 2 карбоксил тобы болады.

НООС – СООН НООС –СН2 – СООН НООС –СН2 – СООН


Щавель қышқылы малон қышқылы янтарь қышқылы

Екі негізді қышқылдар бір негізді қышқылдардың қасиетін көрсетеді, бірақ екі электронакцепторлы карбоксил тобының болуынан кейбір ерекшеліктер болады:



  1. Электронакцепторлы әсеріне байланысты бір карбоксил тобының индуктивті эффекті екіншісінің қышқылдық қасиетінің артуына әкеледі, сәйкесінше дикарбон қышқылының күші (бірінші диссоциациялану константасының К1 негізінде) сірке қышқылына қарағанда (КА=1,5*10-5) жоғары болады және екі карбоксил тобының арақашықтығы өскен сайын төмендейді.

  2. Реакциялар толық және толық емес орын басқан өнімдердің алынуымен бір немесе екі карбоксил тобы бойынша жүруі мүмкін:

2НООС–СООН + 3NaOH → NaOOC–COONa + NaOOC–COOH + 3H2O


Щавель қышқылдарының тұздары оксалаттар, ал малон қышқылдарының тұздары малонаттар деп аталады. Кальций оксалатының критсалдары зәрдің клиникалық зерттеулерінде жиі қолданылады және микроскопиялық зерттеулерде почта конверттерін еске түсіреді. Кальций оксалаты сірке қышқылында ерімейді, бірақ тұз қышқылында щавель қышқылы мен кальций хлоридін түзе отырып толық ериді.



  1. Екі негізді қышқылдарды қыздырғанда айналу қасиеті(53-сурет) карбоксил топтарын бөліп тұратын тізбектің ұзындығымен тығыз байланысты. Щавель, малон және алкилмалон қышқылдары олардың құрамындағы бір көміртек атомында екі күшті электронакцепторлы топтың болуына байланысты қыздырғанда декарбоксилденеді.



53-cурет – Дикарбон қышқылдарының қыздырғандағы өзгерістері.


Янтарь және глутарь қышқылдары түзілетін тізбектер бесмүшелі болғандықтан және кеңістік құрылымды болғандықтан қыздырғанда циклді ангидридтер түзуге қабілетті. Фталь және малеин қышқылдары бесмүшелі циклді ангидридтер түзе отырып ........ Адипин және пимелин қышқылдары циклопентанонға декарбоксилденеді, циклогексанонға циклденеді.



  1. Малон қышқылында метилен тобының сутек атомдары оларға α-жағдайда екі карбоксил тобының электронакцепторлы әсерінен қозғалғыш болып келеді. Малон қышқылының негізінде метилен тобындағы сутект атомдарының қозғалғыштығын пайдалана отырып синтез жүргізу үшін олардың малон қышқылының диетил эфирі – малон эфирі алынатын этерификация реакциясына қатыспайтын карбоксил тобының сутектерін бастапқыда әсерлесуге түспейтіндей етіп тосқауыл қою керек(54-сурет). Малон эфиріне натрий этилатымен әсер еткенде оның нуклеофилді бөлігі(этилат-анион) бастапқы қосылыстың метилен тобынан қозғалмалы протонды тартып алады этил спирті түрінде бөлініп шығады, ал малон эфирінен натрий малон эфирі алынады. Синтездің мақсатына байланысты соңғы мен біріншілік немесе екіншілік алкилгалогенидтің әрекеттесуі барысында әртүрлі алкилсірке қышқылдары түзіле отырып алкилмалон эфирі алынады.

54-сурет – Алкилсірке қышқылының алкилмалон эфирінен алынуы.


Алынған алкилмалон эфирі қыздырғанда декарбоксилденіп, алкилсірке қышқылын беретін алкилмалон қышқылын түзе отырып, гидролизге тосқауыл қоюшы топтарды алып тастайтынын растайды. Малон қышқылының қатысуымен жүретін реакциялар дикарбон қышқылдарын (RBr – галогенорынбасқан эфир), қанықпаған қышқылдар (RBr – қанығпаған галогенид немесе алкилгалогенид) және β-кетоқышқылдар (RBr – ацилхлорид) алуда маңызды рөл атқарады. Диалкилсірке қышқылдарды алу барысында екінші алкил тобы біріншімен салыстырғанда өте қиын енеді, әсіресе, алкил тобы көлемді болған жағдайларда(55-сурет).



55-сурет – Алкилсірке қышқылының алкилмалон эфирінен алынуы.

Құрамында екі карбоксил тобы бар қышқылдар алты немесе одан да көп көміртек атомдары тізбегімен бөлінген(n > 5), көп жағдайда қандай да бір спецификалық қасиет көрсетпейді. Мұндай жағдайларда карбоксил тобының қасиеттері бір-біріне тәуелсіз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет