Үстемелеу коэффициенті және тістің профилі бойымен күштің өзгеруі.
Дөңгелектер айналғанда (5-сурет) тістердің жанасу сызығы ілініс аймағында (в поле) орын ауыстырады (6, а-сурет).
6 - сурет
Бірінші жұп тістердің жанасу сызығы 1 ілініс аймағының басында тұрғанда, болған кезде, ілініс аймағында екінші жұп тістердің жанасу сызығы 2 тұрады. Дөңгелектер айналған кезде 1 және 2 сызықтар стрелкамен көрсетілген бағытта орын ауыстырады. Екінші жұп аймақ шетіне келгенде 2/, бірінші жұп 1/ орынға келеді. Одан әрі қозғалған кезде 1/…2 аралығында тістердің тек бір жұбы ілініседі. 1 жұбы 2 -орынға келгенге дейін біржұпты ілініс жалғаса береді. Осы кезде ілініске тістердің келесі жұбы түседі де, екіжұпты ілініс жаңадан басталады.
Ілініс аймағынан тістің профиліне келсек (6, б - сурет), мыналарды байқаймыз: біржұпты ілініс 1/…2 аймағы тістің ортасында орналасады. Біржұпты ілініс аймағында тіс толық күшін, ал екіжұпты ілініс аймағында (шамамен) тек күштің жартысын береді. Біржұпты ілініс аймағының өлшемі үстемелеу коэффициентінің шамасына байланысты: . Іліністің үздіксіздігі және жүрістің ырғақтылығы шарты бойынша болуы керек (есептелуі төменде келтіріледі).