Күш шоғырлану коэффициенті. Бұл коэффициент күштің тіс ұзындығы бойынша бір қалыпты түспеуін есепке алады. Сондай-ақ бұл коэффициент шамасына біліктер мен тіреулердің серпімділік деформациясы және әзірлеу, жинау кезіндегі қателіктер әсер етеді. Төмендегі суреттерде біліктер деформацияланғанда тісті дөңгелектердің өзара орналасуы көрсетілген (11 - сурет).
Бірінші 11, а - суретте дөңгелек білік ортасында; екінші 11, b - суретте біліктің ортасынан гөрі тіреуге жақын, ал үшінші 11, c -суретте біліктің бір жақ шетінде орналасқан күйі көрсетілген. Бұл суреттерде біліктердің күштер әсерінен иілуі бейнеленген. Біз 11, а -суреттен дөңгелек біліктің ортасында орналасып, білік иілген кезде тістің қайшыласпайтынын көреміз. Бұл күш тістің бойына бір қалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Ал екінші b және үшінші c -суреттерде қайшыласу бұрышы пайда болады. Ол тістің дұрыс ілінісуін (жанасуын) бұзады.
Егер тістер өте қатты болса, олар тек ұштарымен ғана ілініскен болар еді (11, d - сурет). Бірақ тістердің деформациясы олардың қайшыласуын азайтады. Көптеген жағдайларда тістер 11, e -суреттегідей болады. Бірақ бұл жағдайда күш тістердің жеке аралықтарының деформацияларына сәйкес бөлінеді (11, f - сурет). Жоғарыда көрсетілген жағдайларға қарағанда, күш шоғырлану коэффициенті былай болады: ,
мұндағы - орташа меншікті күш.