Жас құрт –сүзбеде тұрған құртың сары маймен жентектелген түрі;шай дастархан тағамы. Ертеде жас құртты мипалауға, құйрық – бауырға қосқан. Құрттың сарысуына сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, тері илеуге пайдаланады.
Көбік –қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті:майлы,кенеулі ас.Көбікті жас балалар мен қарияларға қалқып беретін болған.
Ыстық құрт–қайнап жатқан құртқа май қосып сапырып ішетінкенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тигенде ем болып саналған.
Сықпа құрт –қапқа құйылған ашыған айраннан жасалған құрт;сұзілген айран тұздалып, әр түрлі формаға келтіріліп, тақтайшаға кептіріледі.
Малта –езілген құрттың түйіршектері;әрі жұмсақ,әрі дәмді асболып саналады. Ұзақ жолда ауызға салып, суын сорса, әрі сусын, әрі қорек болады.
Езген құрт –астауға ұнталған,келіге түйілген немесе диірменгетартылған құрт; сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт езіледі.