Тынысалудың кеуделік типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.