С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет206/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

5.2.8 Тырнақ күтімі
Он күн сайын гигиеналық іс-шараларға науқастың аяқ-қолының тырнақтарын алу кіреді. Тырнақ күтімін ұқыпты жүргізу қажет, себебі жарақат тырнақ ойысының зақымдалуына әкеліп әрі қарай инфицирленуді дамытады. Тырнақты негізіне дейін алу дұрыс емес, әйтпесе теріні зақымдаймыз. Қол және аяқ тырнақтарын алмас бұрын 5 минутқа жылы суға саламыз. Қантты диабетпен, гемиплегиямен және т.б. терінің сезімталдығынығ төмендеуімен жүретін аурулармен ауыратын науқастардың тырнағын алғанда аса ұқыпты болу керек (сур. 68-69).


Сурет 68. Сурет 69.


Қария адамдардың тырнағы Тырнақты алу
Қажетті жабдықтар:

Іс-шараның орындалу реттігі
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуге дайындалу: қажетті жабдықтарды орналастыру, суды жылыту, қолғап кию.
2. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың қолын 2-3 мин малу (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз).
3. Науқас саусақтарын судан кезек алып, сүртіп, содан кейін тырнағын аламыз
4. Науқас қолын иісмаймен өңдейміз.
5. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың аяқ басын 2-3 мин малу (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз).
6. Аяқ басын сүлгіге қойып (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз), құрғатамыз да арнайы қысқышпен тырнақты аламыз
7. Науқас аяқ басын иісмаймен өңдейміз
8. Қайшыларды және қысқыштарды спиртпен немесе 0,5% хлорамин ертіндісімен дезинфицирлейміз
9. Қолғапты шешіп, қолды өңдейміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет