Парентеральдытамақтандыру Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі (сурет 87).
Сурет 87
Парентеральды тамақтандыру
Парентеральды тамақтандыру ауыз арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Парентеральды тамақтандыру ісік үдерісінен асқорыту жолдарының өтімсіздігі, өңешке, асқазанға, ішекке жасалған операциядан кейін, қатты жүдеуде, кома жағдайында тағайындалады
Ағзада қоректік заттармен қоректендірудің кез келген парентеральды түрі бірнеше принцптерге сәйкес келуі тиіс:
парентеральды тамақтандыруды өз уақытында бастау қажет.
парентеральды тамақтандыру үздіксіз, тіпті трофикалық қызметтің өздігінен толық қалыпына келгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Толық парентеральды тамақтандыру кезінде барлық қоректік заттар ағзаға қажетті мөлшерде тамыр жүйесіне енеді (науқас тіпті су да ішпейді);
Жартылай (толық емес) парентеральды тамақтандыру кезінде негізгі қоректік заттар (мысалы, ақуыздар және көмірсулар) зат алмасудың уақытша бұзылыстарына байланысты мәселелер кезінде енгізіледі, бұл жағдайда энтеральды тамақтандыру жартылай сақталынады.
Қосымша парентеральды тамақтандыру энтеральды тамақтандыру жеткіліксіз болған жағдайда қосымша ретінде беріледі.
Парентеральды тамақтандыруға қоректік заттар жасушаға адекватты метаболитті мүмкіндік түрінде беріледі: ақуыздар аминқышқылдары қоспасы ретінде (ақуыз гидролизаты, Аминоплазмаль Е, Вамин, Полиамин, Альвезин және т.б.), майлар жіңішке тұрақты эмульсия ретінде (Липофундин, Интралипид, Липовеноз), көмірсулар моносахаридтер түрінде (глюкоза 10%, 20%, 40%). Парентеральды тамақтандыру қолдың кез келген шеткері тамырлары арқылы енгізіледі. Дегенмен, бұғана асты көктамырына енгізілген катетер арқылы жіберген ыңғайлы, себебі асқыныстардың даму мүмкіндігін алдын-алады (флебит және тромбофлебиттер). Егер көктамырға трансфузия жүргузе мүмкін болмаса қоректік заттарды сүйек ішіне (мықын, табан) енгізуге болады.
Қоректік заттарды енгізуді инсулин қосылған глюкоза ерітіндісінен бастаған дұрыс (глюкозаның 4-5 г құрғақ ұнтағына1 ед.инсулин). 200-300 мл глюкоза инфузиясынан кейін амин қышқылы препарараттарын немесе ақуызды гидролизат енгізіледі. Одан әрі аминқышқылы қоспасы немесе ақуыз гидролизаты және 30% глюкоза минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгізіледі.
Май эмульсияларын аминқышқылдары және гидролизатпен бірге құюға рұқсат етіледі. Оларды электролиттермен бірге құюға болмайды, себебі май эмболиясының даму қаупін тудырады және май бөлшектері үлкейеді. Май эмболиясын енгізу жылдамдығы алғашқыда минутына 10 тамшыдан аспауы тиіс. Реакция байқалмаған жағдайда жылдамдықты минутына 20-30 тамшыға жоғарлатуға болады. Әрбір 500 мл май эмульсиясына 5000 ЕД гепарин қосылады.
Парентеральды тамақтандыруды уақытында реттеу үшін тиімді тамақтандыруды бағалаудың клиникалық әдісі қолданылады:
1) дене салмағы (өлшену);
2) орталық вена қысымы;
3) сағаттық диурез;
4) қан қысымы, пульс;
5) науқастың жалпы жағдайы.
Парентеральды тамақтандыруға қарсы көрсеткіш бүйрек жеткіліксіздігі, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялар, ағзаның гипергидротациясы, қан айналым жеткіліксіздігі.
Парентеральды тамақтандыруды жағдайы ауыр науқастарға дұрыс жүргізу- ақуыз, көмірсу, май, су-электролит, дәрумен алмасуды және қышқыл-сілті тепе-теңдігіне қатысатын ағзаны тамақтық заттармен қоректендірудің бір ғана жолы.