Сурет 5
Булы стерилизатор
Булы Бұлы
Сурет 6
Металлды бикс
Стерилизация үшін қолданылатын металдық биксы (6-ші сурет), диаметрі 16 см (кіші бикстер) және 45 см (үлкен бикстер), 25 см (орташа бикстер) және көптараған дөңгелек бикстер шығарылады.
Будың барабан ішіне өтуі үшін, металды терезелі белдеменің ауысуы арқылы сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған. Бикстің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін [32].
Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртеді, содан кейін жанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің қабырға жағына дөңгелек пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына салфеткамен, төсенішпен жабады.
Таңатын материал мен киім салуда орнатылған тәртіпті қадағалап есте сақтаған жөн. Бисктен кез келген затты басқаларына тиіспей алу үшін, ұқыпты жиналған киімдерді секторальді бір-біріне вертикаль жағдайда қояды. Таңатын материалды қорабымен немесе пакетімен алып шығу үшін оларды ретімен қояды. Бір бикстің үстіндегі төсенішке халатты, оның үстіне бірнеше дәке салфеткасын және орамалды қояды. Бұл операциялық мейірбикенің қолын жуғаннан кейін басқа киімдер мен материалдарды ашпай, оларды сүртіп және стерилді халатын кию үшін қажет.
Әрбір бикс қақпақшасында онда не бары, стерилизация уақыты, биксті дайындаған мейірбике тегі көрсетілген жабыстырылған этикетка болуы керек. Бикс қақпақшасын жапқан соң, оның кенеттен ашылып кетпеуі үшін, оны шынжырлы ілгегі бар және тесьмамен қатты байлайды. Аяғында бикстің жақтауындағы тесіктерінің ашықтығын тексереді.
Бикстерге заттарды салу
Іс-шараның орындалуы:
1. Бикстің дұрыс жабылуын тексеру.
2. Биксті ішкі және сыртқы жағынан залалсыздандыру 15 минут аралықта екі рет.
3. Биксті ішкі жағынан екі қабат мата салфетканы төсеу.
4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды бос салу, өйткені олардың арасынан қол өту үшін.
5. Зарарсыздандыру индикаторын берілген заттарды зарарсыздандыруға арналған температуралық режимге сәйкес салу.
6. Салынған материалдарды, заттарды биксқа төсеген салфеткамен жабу.
7. Биксті жабу.
8. Бикстің ұстағышына бөлімшенің атауы, кабинеті, зарарсыздандыруға жіберілген материалдың атауы көрсетілген белгі жапсыру.
9. Биксті орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне таза қапқа салып жеткізу.
10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып келу.
Автоклавтаудағы стерилизация режимі
Режим 1 - температура 132°С, бу қысымы 2 атм., уақыт 20 мин. Коррозияға қарсы материалдан, шыныдан, текстильді материалдан жасалған заттар стерилизациясы үшін қолданылады.
Режим 2 - температура 120°С, бу қысымы 1,1 атм., уақыт 45 мин. Резеңкеден және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Режим 3 - температура 134°С, бу қысымы 2 атм.,уақыт 5 мин. және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Стерилизацияланған заттарды сақтау мерзімі постерилизацияланған, фильтрацияланбаған қораптарда үш тәулікке тең, фильтрлі стерилизацияланған биксте 20 тәулікке дейін.
3.4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Ш ыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді. Бұл стерилизатор - дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады (сурет 8).
www.8a.ru