Теріні ылғалды сүрту
Теріні ылғалды немесе дезинфицирлеуші ертіндімен сүртеді, мысалы, одеколонмен, 10% камфор спиртінің ертіндісімен, тағам сірке қышқылымен, су және спирт бірдей бөліктерінің ертіндісімен. Алдымен бет терісін, құлақ артын, содан кейін мойнын, арқасын, қолтық астын және кеуде қуысын сүртеді.
Ылғалды сүртінуді өткізу үшін мына жабдықтар қажет: клеёнка, жайма, астауша, жылы су, сірке немесе камфор спирті, майлықтар, орамалдар.
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты клеёнканың үстіне салынған жаймаға жатқызамыз.
2. Алдын ала дайындалған астаушаға жылы су құйып, оны мына пропорцияда спиртпен араластырамыз (немесе алма сірке суымен): 1 ас қасық 1 литр суға.
3.Алынған ертіндіде майлықты матырып алып науқастың жоғарғы дене бөлігін сүртеміз, мұны бетінен және мойнынан бастап, қолдарымен, арқасымен және кеудесімен аяқтаймыз.
4. Науқастың тазарған дене бөліктерін құрғатып сүртеміз.
Ерекше зейінді шат аралық аймағының, қолтық асты аймағының, ал әйел адамдарда – сүт бездерінің астының терісіне аударған жөн. Салмағы артық әйел адамдарда ерекше зейінді кеуде асты қатпарларына аудару қажет, себебі баздану жиі дамиды. Жылы сумен мұқият жуғаннан кейін құрғатып, ұнтақ себеміз.
Терісі зақымдалған науқастарда инфицирленудің алдын алу мақсатында күтімді сақтықпен жасаймыз.
Теріде жедел іріңді қабынуы бар науқастарға дәкені – ылғалды, кебу байламдарын саламыз. Ылғалды кепкен байлам емдік ертінділерге малынған 5-6 қабатты дәкеден тұрады; оны теріге қойып, гигроскопиялық мақтаның жұқа қабатымен жабады және дәкемен бір-екі рет бекітеді, байламды 3-4 сағат сайын ауыстырады. Араласқан «быламық» қоспасын теріге тәулігіне 2 рет дәке-мақталы тампонмен жағады. Жақпаларды тікелей теріге немесе жұмсақ тінге жағып, жеңіл бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |