С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет198/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе
32, 34 тарих, Skleroz 2012 Nv9 005, Otorino 2014 03 041, TA 2013 11 073, Nv 2017 08 085, Anestesiolog 2019 02 005, 2 основных дока гинек, Печать контента170
5.2.7 Төсекте аяқты жуу

Науқас аяғын төсекке шараны қою арқылы аптасына 1-2 рет жуады (егер науқас отыра алмаса). Аяқты қылшақты пайдалану арқылы, ал тырнақ астын арнайы тырнақ тазалағышпен өңдейді. Қажет жағдайда тырнақты алып тастайды (тым қысқа емес). Қанағаттанарлық жағдайда науқас гигиеналық ваннаны жартылай отырып алады, суға кеудесінің жоғарғы бөлігіне дейін батып тұрады. Су температурасы 36-380С болуы керек, ұзақтығы – 30 минуттан аспайды [29].

Қатаң төсек режимінде аяқты аптасына үш рет жуады, шараны төсек жиегіне қояды. Аяқ микозының алдын алу үшін науқас аяқ киімін дезинфицирлеп, науқас туыстарының оны кимеуін қадағалау қажет (сурет 67).







Сурет 67.

Төсекте аяқты жуу
Жабдықтар: клеенка, суға арналған ыдыс, сүлгі, қайшылар, қолғап, жеке губка немесе жөке, лас киімді салатын қап, жұмсартқыш иісмай.

Іс-шараның орындалуы:



  1. Қолғап кию

  2. Жылы сумен шараны дайындау (t -34-37°С).

  3. Науқастың ыңғайлы отыруына көмектесу

  4. Егер науқас отыра алмаса, оны арқасына жатқызу немесе Фаулер қалпына келтіру

  5. Матрацқа суланбайтын майлық салу (клеенка)

  6. Науқас аяғын тізесіне бүгу және аяқтарын суы бар ыдысқа 5 минутқа салу

  7. Аяқты тізе буынынан бастап сирақты және аяқ басының сыртын, саусақтарын, саусақ аралықтарын, тырнақ ойыстарын және табанды саусақтардан бастап өкшеге қарай ысқыш және сабынмен ысқалап жуу.

  8. Аяқты шарадан көтеріп таза сумен шаю

  9. Құрғатып сүрту.

  10. Аяққа иісмай жағу.

  11. Суы бар ыдысты және клеенканы алып тастау

  12. Сусормайтын майлықты лас жайманы салатын қапқа саламыз

  13. Қолғапты шешіп, қолды жуамыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет