С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет197/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

А

Б

В

Д

Е

Физикалық жағдайы

Ойлау мүмкіншілігі

Белсенділігі

Қимыл-қозғалысы

Ұстай алмау

жақсы

4

анық

4

көмексіз өзі жүреді

4

толық

4

жоқ

4

қанағат

3

апатия

3

біреудің көмегімен жүреді

3

шамалы шектелген

3

кейде

3

нашар

2

есеңгіреген

2

мүгедек орындығында

2

тым шектелген

2

зәрді ұстамауы жиі байқалады

2

өте нашар

1

ойлау қабілеті жоқ

1

жатады

1

толық қимылсыз

1

зәр және нәжісті ұстамауы жиі кездеседі

1

Сурет 65.

Нортон шкаласы

ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. Оның қойған мақсаты «естелік жазба» сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу болып табылады. Аталған карта ойық жараға әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму қаупін бағалауды және алдын алуды және емдеуді қамтамасыз етеді (сур. 66).

ВАТЕРЛОУ ШКАЛАСЫ

Дене бітімі/бой мен салмақ қатынасы

Тері түрі

Жынысы/жасы

Ерекше қауіптер

орташа

0

дені сау

0

ер

1

тіндердің қоректенуі жеткіліксіз

орташадан жоғары

1

терісі жұқарған

1

әйел

2

терминальді кахеския

семіздік

2

құрғақ

1

14-49

1

жүрек жеткіліксіздігі

кахексия

3

ісінген

1

50-64

2

шеткері тамыр аурулары







суық тер

(температруа)






65-75

3

анемия







бозғылт

1

75-80

4

темекі тарту







зақымдалған, аурсынумен

3

81+

5




Сурет 66.

Ватерлоу шкаласы

Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:

1-9 балл - қауіп жоқ

10-14 балл – қауіп бар               

15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі      

20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі      

Алғашқы қарау кезінде қауіп дәрежесі аз болғанына қарамастан ойық жараның дамуының қаупін анықтап бағалау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер науқас қауіп тобына жатса, міндетті түрде шұғыл алдын-алу іс-шараларын бастау қажет.

Экзогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін, гипс таңғышының, емдік шинада, жабысқақ пластырь қолдану кезіндегі терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз. Жарада тұрған дренаж түтіктері, катетерлер және басқада құралдарды үнемі ауыстырып немесе қалпын өзгертіп отыру маңызды.

Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:



  • Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау

  • Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.

  • Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.

  • Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.

  • Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрацты кереуеттерді қолдану. Матрастың автоматты компрессорлы ұяшықтары әрбір 15 минут сайын ауамен толтырылады, нәтижесінде науқастың тінінің басылу дәрежесі өзгереді. Науқас денесінің тіндеріне қысым арқылы уқалау жүргізу қалыпты қан микроциркуляциясын қамтамасыз етеді, бұл тері және тері асты май шелінің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуін күшейтеді.

  • Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың ыңғайлы жатуын бақылау

  • Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).

  • Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).

  • Тері жағдайын күнделікті тексеру.

  • Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).

  • Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.

  • Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.

  • Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.

  • Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты) міндетті түрде сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу жүргізіп, құрғатамыз.

  • Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және квару шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.

  • Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен, Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы қосылған самырсын бальзамымен емдейміз.

Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы шараларды дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет