С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет200/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе
32, 34 тарих, Skleroz 2012 Nv9 005, Otorino 2014 03 041, TA 2013 11 073, Nv 2017 08 085, Anestesiolog 2019 02 005, 2 основных дока гинек, Печать контента170

5.2.9 Ауыз қуысы күтімі


Ауыз қуысының күтімін барлық науқастарға жүргіземіз, ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады. Әлсіреген немесе қызбасы бар науқастардың аузының шырышты қабатында, тістерінде өңез пайда болады, ол жабысқақ шырыштан және эпителий жасушаларынан тұрады, сонымен қатар шіріген немесе ыдыраған тағам қалдықтары, бактериялар жиналады. Нәтижесінде кариес, қабыну үдерістері (стоматит), қызыл иектің қабынуы (гингивит) және т.б. дамиды. Науқастар жайсыздықты сезінеді: көңіл-күйі бұзылып, тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болып, сілекей ағу, ауыздан жағымсыз иіс пайда болады және тәбет төмендеп ауыз кебеді, ауыз бұрышында жарық дамиды (хейлит).

Жалпы режимдегі науқастар ауыз қуысының туалетін өз беттерінше атқарады. Әрбір науқас тағам қабылдағаннан кейін немесе ұйқыдан кейін тістерін тазалауы керек. Тіс тазалау үшін тіс эмалін қатайтатын фтор қосылған тіс пастасын қолданады. Тіс шөткесі иекті жарақаттамайтын жұмсақ болуы керек, әлсіреген науқастарға мақта немесе дәке тампондарын қолданады. Ауыз қуысын шаю үшін 0,5% натрий гидрокарбонат ертіндісін (ас содасы ертіндісі) немесе 0,9% натрий хлорид ертіндісін (физиологиялық ертінді) қолданамыз. Ауыз қуысын түймедақ, шайқурай және шалфей тұнбаларымен шайған пайдалы. Ауыз қуысын тазалауды аяқтағанда тілді де шөткемен тазалап, өңезді алған жөн.

Ауыз қуысының қабыну үдерісі кезінде аппликациямен емдейді: қабынған шырышты қабатқа дезинфицирленген ертіндіге малынған зарарсыздандырылған майлықты күніне бірнеше рет 3-5 минутқа қояды.

20 грамдық Жане шприці немесе арнайы груша арқылы дәрілік заттармен ауыз қуысын шаяды [6, 7, 29, 30, 32]. Бұл үшін шпатель арқылы ұртты тартып, ауыз қуысын жуады (сурет 70).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет