С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет201/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе


















palliativ.ru

Сурет 70

Ауыз қуысының күтімі


Тіс протезі бар науқастар түнгі уақытта протезді шешіп қояды және оны мұқият сабынмен жуып, таң атқанша жеке ыдыста сақтайды, ал таңертеңгілік уақытта ағынды сумен шайып, киеді. Жағдайы ауыр науқастардың ауыз қуысын мейірбике немесе туыстары күніне екі рет өңдеп тазалайды. Ауыз қуысын әлсіз ас содасы немесе арнайы антисептикалық ертіндісімен (фурацилин, риванол) резеңкелі баллон көмегімен жуып отыру қажет. Науқас қалпы – басын алдыға қарай еңкейту (сұйықтықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуі үшін), ауыз бұрышын тарту (жақсы ағып кетуі үшін). Жағдайы өте ауыр науқастарда ауыз қуысын Жане шприці арқылы шаю қолданбайды, себебі жоғарғы тыныс алу жолдарының аспирация қаупіне байланысты.

Егер науқас ес-түссіз болған жағдайда ауыз қуысының күтімін күндіз және түнде де әрбір 2 сағат сайын жүргіземіз. Еріндердің кебуінің және хейлиттің алдын алу мақсатында ерінге фурациллин ертіндісіне малынған (1:5000) дәке майлығын салып қоямыз

Ауыз қуысының күтімінің алгоритмі:

Жабдықтар: клеенка, резенкелі қолғап, сумен стакан, тіс пастасы, жұмсақ тіс шөткесі, вазелин, зарарсызданған дәке түйіршіктері, шайынды суды жинайтын ыдыс, қоқыс салатын қап; 

Іс-шараның орындалуы:


  1. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіру. 

  2. Науқасты дұрыс қалыпқа отырғызу: 45° градусты бұрышпен арқасына; қырымен немесе ішімен жату (немесе арқасында), басын бүйірге қарату.

  3. Науқас мойыны мен кеудесін клеенкамен жабу, иек астына астауша қою. 

  4. Қолды жуып, қолғап кию. 

  5. Науқасты қолымен ыдысты ұстап тұруын, аузына суды жинауын және шаюды жүзеге асыруын өтіну.

  6. Тіс шөткесін суға малып, оған тіс пастасын жағу. 

  7. Тіс тазалауды жүргізу. Әрбір тісті иегінен бастап, азу тістерінен кескіш тістерге қарай тазалау (тісті жоғарғы жақтан бастап тазалаған дұрыс). Ретпен ішкі, шайнау тістерін және тістердің сыртқы беткейін тазалайды. Іс-шараны екі рет қайталайды.

  8. Науқасқа тілін шығаруын өтіну (немесе ауыздан абайлап зарарсызданған дәке майлығымен тарту).

  9. Тілді антисептикалық ертіндіге малынған дәке түйіршіктерімен тіл түбірінен ұшына қарай бағытта сүрту

  10. Дәке түйіршіктерін ауыстырып ұртты және тіл астын, қызыл иекті сүрту.  

  11. Науқасқа ауызын сумен шаюға көмектесу (немесе груша баллонымен шаю). 

  12. Иегін сүрту, науқас еріндеріне май жағу, жарықты 1% бриллиант көгі ертіндісімен өңдеу. 

  13. Ыдысты, клеенканы жинау, қоқысты қапқа салу және дезинфекцияға жіберу.

  14. Резенкелі қолқапты шешу, қолды жуу. 

Тіс протезінің күтімі (науқастың есті):

Тіс протезі иектің жиі тітіркену, афтозды стоматиттердің және саңырауқұлақты ауруларының себебі болып табылады. Сондықтан оны үнемі өңдеп отыру керек. Кешкі мезгілде жүйелі тазалап отыру маңызды. Түнгілік уақытта протезді шешіп, мұқият тазалап, құрғақ ыдысқа салады. Протезді стаканда сақтау дұрыс емес, себебі протездің беткейінде орналасқан микробтар/саңырауқұлақтар ылғалды ортада жақсы сақталады.

Жабдықтар: сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, протез тістерді салуға арналған ыдыс, тіс пастасы, тіс ысқыш, ерінге жағуға жақпа, дәке салфеткасы, су құйылған стақан, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Пациентке емшара барысын түсіндіру. 

2. Пациенттен басын қырына бұруын өтіну.

3. Сүлгіні пациенттің кеудесі мен иегіне дейін жабу. 

4. Қолды жуу, қолғап кию. 

5. Пациенттің иегінің астына астаушаны қою. 

6. Пациенттен бір қолымен астаушаны ұстап тұруды, ал екінші қолымен суы бар стақаннан суды аузына толтырып аузын шаюды өтіну. 

7. Пациенттен тіс протездерін шешуді өтіну. Егер пациент өз бетімен шеше алмаса салфетканың көмегімен оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен тіс протездерін шешу.

8. Протездерді арнайы ыдысқа салу.

9. Пациенттен ауыз сумен шаюды өтіну.

10. Салфетканың көмегімен ауыз қуысын өңдеуге көмектесу: тісін, тілін, таңдайын, ұртының ішкі бетін, қызыл иектерін тіл асты аймағын тазалау.

11. Қолданған салфеткаларды қоқыс салатын қапқа салу.

12. Пациенттен ауызын шаюын өтіну.

13. Пациенттің иегін сүрту.

14. Тіс протездері салынған ыдысты қабыршаққа салу. 

15. Шүмекті ашу, судың температурасын реттеу.

16. Ысқышпен және тіс пастасымен тіс протездерінің барлық бетін тазарту.

17. Ағынды суық сумен тіс протездерін және ыдысты шаю.

18. Тіс протездерін түнгі уақытқа сақтау үшін ыдысқа салу немесе пациентке қайта кигізу.



  1. Қолғапты шешу, оларды арнайы қоқыс салуға арналған ыдысқа тастау. 

  2. Қолды жуу. 

Есі жоқ жағдайдағы пациенттің ауыз қуысының күтімі:

Жабдықтар: 2 сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, су құйылған стақан, дәке салфеткасы, лейкопластырь, қайшы, шпатель, жұмсақ тіс ысқыш, вазелин (ерінге жағуға жақпа), ыдыс, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Пациентке емшара барысын түсіндіру. 

2. Ағаш шпательге салфетаны орау және оны лейкопластырьмен бекіту.

3. Ауыз қуысын шаюға арналған антисептикалық ерітінді құйылған ыдыс.

4. Пациентті бір жақ қырына жатқызу, пациенттің беті жастықтың қырынан шығып тұру керек.

5. Пациенттің басының астына сүлгіні жаю.

6. Екінші сүлгіні ашып кеудесіне жаю.

7. Астаушаны пациенттің иегінің астына қою. 

8. Күш көрсетпей жайлап пациенттің аузын ашу.

9. Төменгі және жоғарғы жақ тістерінің арасына ауызды кеңейткішті салып, және абайлап жоғарғы және төменгі жақ тістері арасын ашамыз.

10. Тістердің арасына ағаш шпательді салып қою, ауызы ашық тұру үшін.

11. Сұқ саусаққа салфетканы орып үлкен саусақпен қысып тұрып фурациллиннің 0,02% ерітіндісіне немесе 2 пайызды натрий гидрокарбонаты ерітіндісіне малу.

12. Таңдайды, ұрттың ішкі бетін, тістерді, қызыл иекті, тіл, еріндерді салфетка былғанғанша сүрту.

13. Қолданған салфеткаларды қоқыс салуға арналған қапқа салу.

12. Пациенттің тісі жұмсақ ысқышпен тазалау (тіс пастасын қолданбай).

13. Еріндерін вазелинмен майлау



14.Сүлгілерді жинау.

15. Пациентті шалқасына жатқызу.

16. Қолғапты шешу, қолды жуу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет