6.3 Емдік тамақтандыру
Емдік тамақтандыру әртүрлі аурулардың комплексті емінің құрамына міндетті түрде кіреді. Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – емдік әсер беретін және ингредиенттердің сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақтану [6, 7, 16, 29].
Науқасты тамақтандырудың келесі түрлері бар:
Пероральды (кәдімгі) тамақтану.
Энтеральды (зондпен) – зонд арқылы, асқазанға енгізу.
Парентеральды – қоректік заттарды тамырға енгізу.
Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында пациентке арналған тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ құрамын, оның калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы мөлшерін) және ингредиенттің санын: ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет. Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу жағдайы, тамақтың сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны қолдану мерзімін дәрігер анықтайды, палаталық мейірбике парционник құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың сапасын бақылауды дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады [25, 26, 32].
Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар науқастардың диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |