Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинфекция әдістері:
механикалық
физикалық
химиялық
комбинирленген немесе аралас
3.3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы деректі ескере отырып, бұл іс – шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн [7].
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды:
Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту
Сыпыру
Шаңсорғышпен өңдеу
Бөлменің ауасын жаңарту және желдету
Киім – кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку
Жуып-шаю және жуу
Қолды жуу
Достарыңызбен бөлісу: |