1.4.5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері
Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің тиімділігін бағалайды.
Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді.
Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге асырады.
Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
Әртүрлі жастағы және әртүрлі ақауы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар комплексін, ағзаға дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.
Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.
Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады.
Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуді жүзеге асырады.
Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие бойынша үгіт насихат жүргізеді.
Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтайды [18, 25].
Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы
Кезекшілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып табылады. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдайы тексеріледі. Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.
Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.
Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.
Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша журнал тексерілуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жағдайы ауыр науқастар тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильді түрде тапсырылады. Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының орындалуы туралы баяндалады.
Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар, шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |