С. В. Кожанова Жалпы иммунология


АНТИГЕНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет94/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
АНТИГЕНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын 
негізгі қасиеттер: бөгделік,
антигендік, иммуногендік және арнайылық.
Бөгделік
— 
серпіліскен организмде аналогиялық субстанциялардың
болмауы,
ағзалардын әр түріне немесе жеке индивидуумдарға тән


12-Тарау. Антигендер
199
антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык тағайындалған жеке 
касиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгде болуы — адаптивті иммундык 
жүйенін ағзаны биологиялык агрессиядан корғау кызметінін шар- 
ты болып келеді. Агрессия көбінесе сырттан түсетін микроағзалар, 
вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер күйінде бо- 
лады; микроағзалардын өздері де олардың өнімдері де жоғарғы 
жануарларға бөгде болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердін 
өсуі) да жасушалардын белгілі бір бөгделік касиетке (мысалы, ісік 
жасушаларынын бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) 
ие болуымен байланысты. Барлык жағдайларда антиген ағзаға «өзіндік 
емес» ретінде танылуы шарт. Нәтижесінде, антиген бөтен субстанция 
ретінде ағзаға кауіпті бола алатын молекулалар болып саналады.
Антигендік — заттардың иммундық серпіліс шақыру мумкіншілігінің
өлшемі:
антидене түзілуі көп немесе аз мөлшерде болуы, жасушалык 
иммундык серпілістердін күшті немесе әлсіз болуы. Антигендік 
антигеннін химиялык кұрылысына, беткей орналаскан детерминант- 
тар құрамына; осы антигенге жауап беретін клоннын жасушалар са- 
нына; антиген енгізілген ағзаның түрлік сипатына; сонымен катар 
берілген антигенге тектік жауап берушіліктін индивидуалды денгейіне 
байланысты.
Иммуногендік
— 
антигеннің иммунитет тудыру қабілеті.
Бұл ұғым, 
негізінен, жұкпаларға иммунитет жағдайын камтамасыз ететін микроб 
және вирус антигендеріне катысты колданылады. Мысалы, дизентерия 
коздырғышынын антигендігі өте жоғары, сондыктан өзіне карсы күшті 
адаптивті иммундық жауап туғыза алады, бірак, оған карсы айкын 
иммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін зерде жасушалары 
түзілмейді. Іш сүзегі вакцинасынын антигендігі мен иммуногендігі 
өте жоғары, себебі оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер 
түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады. Антигеннің иммуногендігін 
негіздейтін маңызды касиеті — молекула мөлшері. Полимерлік 
молекулалардын салмағы жоғарылаған сайын, иммуногендіктері ар- 
тады. Антигендердін иммуногендігі олардың кұрылысына (зарядына, 
каттьшығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына бай- 
ланысты.
Арнайылық — бул антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсете-
тін антигендік ерекшеліктері. Антигендердің иммундық арнайлығы
макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің қурамына кіретін
антигендік детерминанттардың қасиеттерімен,
олардың саны және 
табиғи антигендердің молекулаларында орналасу ретімен аныкталады.


200
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
Ағзадағы әрбір жасуша өзінін антигендік ерекшелігін көрсететін жеке 
химиялык кұрылыммен сипатталады.
Антигендік арнайылықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық
(типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық және органоидтық.
• 
Түраралық арнайылық
—жануарды ң кай түрге жатат ы нды ғына, он ы н 
генетикалык конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелік әр 
түрге жататын ағзалардын бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. 
Түр-аралық арнайылыкка тек қана арнайы бір антигендер ғана 
емес, ағзада кездесетін заттардын көбісі ие болатыны айкын. 
Өзара жақын түрлерінде ұксас түр-аралык арнайылык антигендері 
болады, ал тегі бойынша алшак түрлердін антигендерінде көп 
айырмашылыктары болады.
• Типтік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет