С. В. Кожанова Жалпы иммунология


Антигеннің презентациясындағы В-лимфоциттердің рөлі



Pdf көрінісі
бет102/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
Антигеннің презентациясындағы В-лимфоциттердің рөлі. 
Тек кана 
өзінін негізгі кызметі антидене түзуден баска, В-лимфоциттер ан- 
тигентаныстырушы жасуша қызметін де аткара алады. Оны лим- 
фа түйіндерінде және баска перифериялык лимфалык мүшелерде 
орналаскан фолликулярлы В-лимфоциттер аткарады. Бұл жасушалар 
антигенді бейспецификалык фагоцитоз аркылы жұта алады, бірак 
бұл үдеріс иммуноглобулиннің мембраналык рецепторымен байла- 
нысты В-лимфоциттің антиген жұтуымен салыстырғанда 10 000 есе 
төмен. «ВЖР-антиген» комплексі жұтылғаннан кейін жасуша фа-


214
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
голизосомасында процессингі басталады және Т-хелпермен таны- 
лу үшін, В-лимфоциттін беткейінде орналасатын, МНС II класс мо- 
лекуласымен антигенді пептидті байланыскан иммуногеді кешен 
түзіледі. В-лимфоциттін беткейінде антигенді тануға және олармен 
цитокиндердін өндірілуін ынталандыратын, Т-хелперлердін толык 
активтенуін В7/С028 әсерлесу жолымен камтамасыз ететін, сонымен 
катар В-лимфоциттін беткей В7 костимулдаушы молекуласынын экс- 
прессиясы басталады. В-жасушамен процессинг және антиген таны- 
стыруды ІҒТЧ-ү ынталандырады.
Антигеннін төмен концентрациясында және де екіншілік адаптивті 
иммундык жауапта В-лимфоциттер негізгі антиген таныстырушы 
жасушанын кызметін аткара алады.
В-ЛИМФОЦИТТЕРДІҢ ШЫҒУЫ МЕН 
ДИФФЕРЕНЦИЯЛАНУЫ
В-лимфоциттің даму жолы полипотентті бағаналы кан жасуша- 
ларынан, антидене түзетін плазмалак жасушалар және В-зерде жасу- 
шаларына дейін 
антигентәуелді және антигентәуелсіз дифференциялану
кезендерін камтиды. В-лимфоциттің антигентәуелсіз дифференция- 
лануы сүйек кемігінде жүреді, оның негізінде әр түрлі спецификалык 
иммуноглобулин рецепторларын өз беткейіне экспрессиялаушы 
В-лимфоииттін түрленуіне әкелетін иммуноглобулиндердін генін 
кайта кұруда жатыр. Шеткері лимфоидты мүшелерде антиген таны- 
стырушы рецепторлар аркылы В-лимфоциттер сәйкес антигенді танып 
активтенеді; олардын антидене синтездейтін плазмалык жасушаларға 
және В-зерде жасушаларға дифференциялануы мен көбеюі жүреді.
В-лимфоциттердің түзілуі эмбриогенезде басталады және бүкіл 
өмір бойы жүреді. Эмбриондык кезенде В-лимфоциттер сарыу- 
ыз капшығында, эмбриондағы бауыр және эмбриондағы сүйек 
кемігінде түзіледі. Сүткоректілер мен адамдарда туылғаннан кейін 
В-лимфоциттердің ен негізгі көзі сүйек кемігі болып табылады.
Ізашар В-лимфоциттер микрокоршаудағы сүйек кемігінің бағаналы 
жасушалары әсер ету нәтижесінде бағаналы лимфа жасушаларынан 
түзіледі. Стромалык жасушалар тура жасушааралык карым-катынас 
жолымен әр түрлі жасушалық адгезия молекуласынын көмегімен және 
де стромалык жасушалардың беткей молекулаларының көмегімен 
5СҒ (бағаналы жасуша факторы) із В-жасушаларынын даму процесіне 
септігінтигізеді (ҮЬА-4, ҮСАМ-1 және т.б.). Сүйек кемігініңстромалык


14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
215
жасушалары бірнеше цитокиндер катарын өндіреді: ИЛ-3,4,6 және де 
ИЛ-7, ол ізашар В-жасушалар дамуынын алғашкы сатыларында сол 
процеске ыкпал етеді.
Әрі карай В()-лимфоциттер кан ағымы аркылы шеткі лимфоид- 
ты ағзалардын тимуска тәуелсіз зоналарына орналасады. Ол жер- 
де В-лимфоциттердін В( және В2 сатыларына дейінгі пісіп-жетілуі 
мен дифференцияпиясы және олардын организмге түскен антигенге 
карсы барлык класс иммуноглобулиндерін синтездей алу кабілетіне ие 
болады.
В()-лимфоцит 
бұл 
иммунологиялык 
жагынан 
дамымаған 
В-лимфоциттер популяциясы. Олардың бетінде тек кана І§М класына 
жататын антиген танушы рецепторлар бар. Бірак ол рецепторлардын 
тығыздыгы В0-лимфоциттерде өте төмен болады, сондыктан олар 
антигенмен толык байланыса алмайды және шеткері канға І§М 
синтездемейді. В0-кезені В-лимфоциттердін клондар кұрылу кезеніне 
сай келеді. В-лимфоциттер клондары — ол бетінде бір арнайылыкты 
иммуноглобулиндік рецепторлары бар лимфоциттер тобы. Сүйек 
кемігінін 
В-лимфоциттер 
В0-сатысында жағымсыз селекциядан 
өтеді, онын нәтижесінде В-лимфоциттердің аутореактивті клондары 
апаптозға ұшырайды немесе рецепторлык өңдеуге ұшырайды, одан 
олардың иммуноглобулинді рецепторлары өзінін антигенімен ка- 
тынасуға кабілетін жоғалтады. Бұл процестер орталык В-лимфоциттік 
толеранттылык кұрудың негізінде жатыр.
Сүйек кемігінен шыккан, жетілмеген В0-лимфоциттер шеткері 
шығып, ол жерде олар транзиторлы В лимфоциттер деп аталады. 
Шеткеріде функциялык жетілмеген транзиторлы В-лимфоииттер 
антигенмен кездескенде анергия жағдайына түседі немесе апаптозға 
ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет