АНТИГЕНДЕРДІҢ МАКРОФАГТАРМЕН
ӨҢДЕЛУІ ЖӘНЕ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ
Макрофагтар экзаантигендерді, ең алдымен бактерияларды фаго-
цитозға
ұшыратады. Оларды лизосомалды ферменттердін көмегімен
ұзындығы 9—25 амин кышкылынан тұратын пептидті фрагмент-
терге дейін ыдыратады. Бұл кұрамындағы ферменттер көмегімен
макрофагтардың ыдырата алмаған бөлігі. Осы ыдырамаған фрагмент-
тер
организм үшін шынайы бөтен антигенді детерминанта (эпитоп)
бо-
лып табылады.
Келесі кезенде фагосома II класс МНС молекулалары бар вакуол-
дармен косылады. Бұл молекулалар а және (3-полипептидтті тізбектері-
нен тұрады. Олардын ортасында инвариантты ү-тізбек орналаскан.
Вакуолдар фаголизосомамен косылған жағдайда, кышкыл протеа-
за әсерінен ү-тізбегі ьщырайды, ал оның орнына эпитоп орналасады.
Нәтижесінде
II класс МНС молекуласымен қосылған эпитоптың иммуно-
генді кешені
түзіледі, оны суперантиген деп те атайды. Бұл кешен секре-
торлы грануланьщ кұрамында макрофаг бетіне карай жылжиды. Ол өте
тұракты және макрофаг бетінде бірнеше апта сакталады. Бұл жағдай ма-
крофаг бетіндегі иммуногенді кешенмен сәйкес келетін Т-хелперлердін
клоны арнайы танығанша көптеген Т-лимфоциттердің жанасуына
мүмкіншілік береді. Осылайша клонның сұрыпталуы өтеді және оның
антигентәуелді пісіп-жетілуі (дифференцировкасы) басталады.
АТЖ бетіндегі иммуногенді кешенді тану кезінде Т-жасушалык ре-
цептор (ТЖР) көмегімен Т-хелпер кабылдаған белгіні
арнайы
деп атай-
ды. Бұл белгіні кабылдау Т-хелперлердің белсенуі үшін өте кажетті,
бірак жеткіліксіз. Сондыктан тағы бір белгі —
костимулдаушы белгі
ке-
рек. Егер жасуша екінші белгіні алмаса, онда ол апоптозға ұшырайды.
Т-хелперлер екінші белгіні, өздерінің бетіндегі СЭ28 (СО40Б немесе
СТЬА-4) молекуласы мен АТЖ бетінде экспрессияланатын костиму-
лятор молекулалары (оған нәруызды молекулалар жатады) бір-бірімен
жанасу кезінде алады. Мұндай молекула кызметін
макрофагтар мен
13-Тарау. Антигендерді өңдеу және таныстыру
207
дендритті жасушалар ушін В7 молекуласы
атқарса,
В-лимфоциттер
үшін В40
молекуласы аткарады.
Макрофагтарда В7 молекуласы индуцибелді. Мысалы, оны бакте-
риялы кабырғанын полисахаридтері мен липополисахаридтері тудыруы
мүмкін. Бұл косылыстар В7 мен В40 молекулаларынын В-лимфоциттер
бетінде де экспрессиясын болдыруы мүмкін. Бүгінгі күні В7 экспрес-
сиясын болдыратын басқа факторлар белгісіз.
Микробты компоненттері әсерінен В7 костимуляторынын индук-
циясы иммундык жүйеге бактериялы антигенді организмнін меншікті
антигендерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Кейбір нәруыздарға
иммундык жауапты тек өлтірілген микроорганизмдер немесе бакте-
риялы кабырғанын компоненттері косылған адъюванттарды колданған
кезде ғана
алуға
болатындығы
эксперименталды
зерттеулерде
көрсетілген. Мұны келесідей түсіндіруге болады: егер бактериялы
компоненті жоқ нәруызды антиген макрофагтармен ұсталып және
таныстырылса, онда Т-лимфоцит антигенді арнайы түрде таниды,
бірак ол инертті жағдайда (анергия) калып кояды немесе костимул-
даушы белгі болмағандыктан апоптозға ұшырайды. Иммунизациялау-
шы коспаға бактериялы кабырғаның компоненттерін (макрофагтар-
да В7 экспрессиясын тудыратын) қосса, Т-хелперлердің толығымен
жұмыска косылуы камтамасыз етіледі. Нәтижесінде адъюванттардын
көмегінсіз антиденелердің түзілуін тудыра алмаған нәруыздарға карсы
антиденелердің өндірілуі басталады.
Қорыта келе, макрофагтар СӘ4+ Т-лимфоциттермен әрекеттесе
алатын кәсіби антиген таныстырушы жасушаға жатады. Антигендерді
таныстыру бірнеше кезеңнен тұрады:
•жасуша ішіне түскен антиген өңделуге ұшырайды, бұл үдеріс
кезінде нәруызды молекулалар шектелген протеолиз аркьшы
пептидті фрагменттерге ьщырайды, олардың бір бөлігі антигенді
эпитоп болып табылады;
•түзілген пептидті фрагменттер (эпитоптар) АТЖ цитоплазма-
сының вакуолдерінде
II класс НЬА антигендерімен иммуногенді
кешен тузеді;
•түзілген иммуногенді кешендер АТЖ мембранасына тасымал-
данады, бұл жерде олар Т-хелперлерге таныстырьшады. Т-лим-
фоциттің белсенуі үшін АТЖ бетінде 200-ден 1000-ға дейін
иммуногенді кешендер болуы керек.
Экзогенді антигенді, мысалы, бактериялык антигенді МФ та-
ныстыру үдерісі кезінде дамитын оқиғалардьщ реті осындай.
208
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
Достарыңызбен бөлісу: |