С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет91/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

12-Тарау
АНТИГЕНДЕР
Антигендердің анықтамасы. Антигендердің қурылымы: антигендік
детерминанттар, гаптендер, тасымалдаушылар. Валенттілік тура-
лы тусінік. Антигендердің турлері. Ілкі жэне салдарлық аутоантиген-
дер. Кешендік жэне айқаса-эрекеттесетін антигендер. Т-тэуелді және
Т-тэуелсіз антигендерге иммундық жауаптың қалыптасу механизмі.
Антигендердің негізгі қасиеттері: бөгделік, антигендік, иммуногендік
жэне арнайылық. Антигендік арнайылықтың турлері.
Антигендер адаптивті иммундык жауаптың ынталануы мен 
реттелуінің негізгі факторы.
Антигендер
— өздеріне карсы адаптивті иммундык жауап тудыратын, 
яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерді 
шакыратын генетикалык бөгде жоғары молекулалык химиялык 
косылыстар.
Антигендер ретінде макромолекулалардың әркайсысы, әсіресе 
нәруыздар мен поликанттар бола алады.
АНТИГЕНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Адаптивті иммунды жауап антигеннің макромолекуласынын 
барлығына емес, онын 
антигендік детерминанттар
деп аталатын 
белгілі бір бөліктеріне карсылык көрсетеді.
Антигендік детерминанттын 
қазіргі кездегі атауы
— 
эпитоптар.
Эпитоп
— адаптивті иммундык жауап кезінде түзілетін антидене- 
лер мен эффекторлы Т-лимфоциттердін арнайылығын камтамасыз 
ететін 
жеке химиялық және қурылымдық сипаты бар антиген
молекуласының бір бөлігі.
Антигендік детерминанттардың саны молеку- 
ла кұрылымы мен оның өлшеміне байланысты болады. Бір тасымал- 
даушыда бірнеше антигендік детерминанттар болуы мүмкін, мысалы, 
жұмыртка альбуминінін молекуласында кем дегенде 5 детерминант, 
күл токсиндерінің молекуласында — 8 детерминант, ал тиреотропин 
молекуласында — 40 детерминанттан астам болады.


12-Тарау. Антигендер
191
Эпитоптын кұрылымы антидененін белсенді орталығына немесе 
Т-жасушалык ренепторына комплементарлы. Антитен мен антиде- 
ненің әрекеттесуі негізінде кеңістік кұрылымынын сәйкестілігі жа- 
тыр, неғұрлым антиген мен рецептор арасында кеністіктін сәйкестілігі 
көп болса. соғұрлым олардын әрекеттесу деңгейі жоғары болады. 
Бұл жағдайда антигендік эпитоп пен антигенді байланыстырушы 
рецепторлардың белсенді орталыктарынын өлшемдері өте маңызды, 
себебі рецепторлардың белсенді орталыктары ойык тәріздес болады да, 
ол ойык антигендік детерминанттарымен толтырылады.
Құрылымы бойынша антигендік детерминанттар екі түрлі болады — 
амин кышкылдык немесе гексоза калдыктарынын үздіксіз тізбектері- 
нен тұрса — сызыктык, ал күрделі, үш өлшемді күрылымдардан тұр- 
са — конформациялык. Т-лимфоциттер, әдетте сызыктык, ал В-лимфо- 
циттер — конформациялык детерминанттарды таниды. Иммунды 
жауап бастау үшін лимфоциттермен әрекеттесуге колжетімділік си- 
паттамасы бойынша антигендік детерминанттар доминантты немесе 
жасырылған болып бөлінеді.
В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер
тузілетін эпитоптарды — В-жасушалық эпитоптар немесе гаптендер
ісинонимдер) деп атайды.
В-жасушалардың әрбір клоны белгілі бір гап- 
тенге арнайы әсер етеді.
Гаптен деген терминді (грек тіл. 
һаріеіп
— байланыстыру) енгізген 
антиген кұрылымы мен химиялык кұрылысын зерттеуге үлкен үлес 
коскан Нобель сыйлығынын лауреаты (1930) К. Ландштейнер. 
Гап-
тендер
— өлшемі үлкен емес химиялык топшалар. Олар табиғи антиген 
молекулаларының құрамдас бөлігі болуы немесе экзогендік те болуы 
мүмкін, мысалы, дәрілік заттар және олардың метаболиттері, азык- 
түлік, ауылшаруашылык, тұрмыстык және өнеркәсіптік өнімдер. Гап- 
тен нәруыз-тасымалдаушымен байланыскан кезде ғана иммунногендік 
касиетке ие болады.
Антиген молекуласының негізгі бөлігін 
тасымалдаушы
деп атайды. 
Ол антиген молекуласының 97% (гаптеннен баска бөлігін) кұрайды. 
Антиген тасымалдаушысының кұрамында да антиген детерминанттары 
болуы мүмкін. Олар тасымалдаушы детерминанттары деп аталады.
Бұл 
детерминанттар Т-лимфоциттерін танып, оларға қарсы
адаптивті жасушалық иммунитет серпілістері бағыттшіады. Сол се-
бептен оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп те атайды.
Тасымал- 
даушы детерминанттарының кұрамы мен өлшемдері гаптендердікіне 
қарағанда күрделі және үлкен болады. Нәруыздык антигендерде та-


192
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
сымалдаушы детерминанттар әдетте, орта шамамен 6-дан 20-ға дейін 
амин кышқылды калдыктарынан тұратын кыска пептидтер.
Сонымен, 
кез-келген антигенді
молекуланын бетінде орналаскан 
екі функционалдық бірлік: тасымалдаушы
және 
гаптен
ретінде ка- 
растыруға болады. Табиғи антиген молекуласынын тасымалдаушы- 
лары көбінесе нәруыздар, поликанттар, сонымен катар липо- 
поликанттар және нуклеин кышқылдары болып табылады. Жасан- 
ды антигендерде тасымалдаушы ретінде жасанды полипептидтер, 
поликанттар, полиэлектролиттер және баска органикалык полимер- 
лер болады (12.1-сурет).
Липидтер мен стероидтар
антигенді емес, бірак нәруыздармен 
косылғанда гаптен болып антидене түзілісін туғызады.
Ағзаға бөгде тасымалдаушы детерминанттары жок, бірак кұрамында 
бөгде гаптені бар антигендер болады. Бұл антигендер ағзаның өз 
нәруыздарымен косылып 
(бөтен гаптен + өз нәруызы),Т-ж
асушатык 
жауап емес, тек антидене синтезін шакырады.
Мысалы, пикрил кышкылы гаптен бола алады. Ол тері нәруыз- 
дарымен косылып антигендік кабілетке ие болады да, тері аллергиялык 
серпілістерін шакырады. Пенициллиннін ыдырау өнімі бензилпе- 
нициллин кышкылы кан сарысуының нәруыздарымен байланысып, 
кейбір жағдайда белсенді антидене түзілуін тудырып, пенициллинге 
дәрілік аллергия серпілісінің патогенезін негіздей алады.
Гаптендерді зерттеудің теориялык және тәжірибелік маңызы 
бар. Көптеген биологиялык белсенді косьшыстар, пептидті және 
стероидтык гормондар, циклдык АМФ және ГМФ, төменгі моле-
12.1-сурет. 
Антигендер кұрылымынын негізгі сызбасы


12-Тарау. Антигендер
193
кулалы, иммуногендігі жок косылыстар болып табылады. Олардын 
иммунногендік нәруыздармен конъюгациясы антигаптендік антидене- 
лер түзілісіне алып келеді. Мұндай антиденелерді содан кейін ағзаның 
биологиялык сұйыктарында талдауға түскен косылыстардын денгейін 
аныктайтын тест-жүйелерінде колданады. Мысалдарынын біреуі — 
әйелдердің жүкті екенін зәрдегі хориондык гонадотропиннін сәйкес 
антиденелер көмегімен аныктау.
Гаптен ұғымы 
антиген валенттілігі
деген ұғыммен тығыз байла- 
нысты. 
Антигеннің валенттілігі антиген молекуласының қурамына
кіретін эр турлі гаптендердің санымен анықталады.
Валенттілік осы 
берілген антигендерге әсер ететін В-лимфоциттер клонының санымен 
сәйкес келеді. Табиғи антигендердін көпшілігі поливалентті, мысалы, 
бактериялык жасушанын валенттілігі бірнеше ондыктан 200—300-ге 
дейін бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет