С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет89/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
ЛИМФОЦИТТЕР ГЕНЕЗІ.
ИММУНДЫҚ БАҚЫЛАУ КОНЦЕПЦИЯСЫ. 
ИММУНДЫҚ ЖАУАП
Жұкпалы емес иммунологиядағы жетістіктер XX ғасырдын 40-шы 
жылдардын соңында, 50-ші жылдардын басында Ф. Бернетке имму- 
нологиялык бакылау концепциясын ашуға мүмкіндік берді.
Иммунологиялық 
бақылау 
кониепииясының 
мэнісі 
адаптивті
иммундық жуйенің негізгі қызметі ағзаның іиікі гомеостазының
генетикалық турақтылығын қадагалау болып келеді.
Қандағы В-лимфоцитгер сүйек кемігінен шеткі ағзаларға «барар 
жолында» аныкталады. В-лимфоциттердің ізашарлары сүйек кемігінен 
шығып, кан аркылы иммунитеттіц шеткері органдарынын В-аймакта- 
рына келеді. Бұл аймакта антигендермен әрекеттесу нәтижесінде то- 
лык пісіп-жетіліп антиденелерді өндіретін плазмоциттерге айналады. 
Жетілген В-лимфоциттер козғалысы аз жасушалар болғандыктан, олар 
шеткі канға аз мөлшерде шығады. Шеткі канда В-лимфоциттердін 
жалпы мөлшері барлык лимфоциттердің тек 20-30%-ын кұрайды.
Т-лимфоциттердің ізашарлары сүйек кемігінен шығып, кан аркылы 
алдымен тимуста антигенге тәуелсіз дифференциялануының белгілі 
кезендерінен өтеді. Тимустан шыккан Т-лимфоциттер иммунитеттін 
шеткі органдарының Т-аймактарына келіп антигенмен жанаскан 
жағдайда антигенге тәуелді дифференцияланудан өтеді. 
Бірак, 
В-лимфоциттерге карағанда, жетілген Т-лимфоциттер өте қозғалмалы 
жасушалар — олар шеткі канға, интерстиналдык кеңістікке, лим- 
фа түйіндеріне, лимфа ағымына, шеткі канға шығып, кайта шеткі 
ағзаларға кайтып келеді де, кайтадан канға шығады және т.с.с. яғни, 
Т-лимфоциттер ағзада тәулігіне 5—20 толык айналым жасайды. Лим- 
фоциттер генезі және лимфоциттердін миграциясы мен рециркуляция 
үлгісі 11.4-суретте көрсетілген (түрлі түсті жапсырманы қараңыз).
Т-лимфоциттердің мұндай кайталама жылжуын 
Т-лимфоциттер ре-
циркуляциясы
деп атайды.
Калыпты жағдайда, шеткі кандағы Т-лимфоциттердін мөлшері 
барлык шеткі лимфоциттердің 60—80% кұрайды.
Т-лимфоциттер рециркуляцияға
шыккан уакытта ағзаның ішкі 
ортасынын генетикалык тұрактылығына 
иммунологиялық бақылау
жургізеді.
Егер де (гипотеза ретінде) антигендер ағзаға мүлдем 
түспейтін болса да, адаптивті иммунды жүйе кажет. Себебі, ағзада 
үнемі жасушалардың бөлінуі жүреді. Жасушалар бөлінісі көптеген экс-


11-Тарау. Адаптивті иммундық жүйенің қурылысы. Лимфоциттер генезі...
187
перименттер дәлелдегендей, толык тиімді емес. Бөлініс нәтижесінде 
мутантты жасушалар түзіледі, 
ал
олардың көбісі жойылмай, акаулы 
ұрпак береді. Спонтанды мутапияның жиілігі 10 6, яғни әрбір миллион 
жасушалардың бөлінуінде 1 мутанттык жасуша түзіледі. Адамдар мен 
сүткоректілерде тәулігіне, орта есеппен, бөлінетін жасушалардың саны 
1012—1013, яғни ағзада тәулігіне орта шамамен 1-ден 10 млн дейін му- 
тантты жасушалар түзіледі. Эволюция үдерісі барысында күрделі көп 
жасушалык ағзалардың, соның ішінде сүткоректілер мен адам ағза- 
ларының даму шарты ретінде жасушалардың бөлінуін кадағалайтын 
жүйе кажет болған. Осы кызметті Т-лимфоциттер — адаптивті 
иммунитеттін ең маңызды жасушалары аткарды.
Рециркуляция барысында Т-лимфоциттер өздерінің антиген- 
танушы рецепторлары көмегімен әр түрлі жасушалармен жана- 
сып, арасынан тегі бойынша бөгделерді іріктейді де жояды. Бұндай 
айырып-тану ағзаға бөгде жасушалардың (мутантты, ісіктік, виру- 
стармен жұкпаланған және т.б.) антигендік кұрамы ерекшеленетін 
болғандықтан мүмкін болады. Сонымен, Т-лимфоциттер рецирку- 
ляция аркылы тек кана өзіндік соматикалык жасушалардың тектік 
тұрактылығын ғана емес, толығымен ағзанын ішкі ортасынын 
тұрактылығын да кадағалайды.
Экзогендік антигендерге (жұкпалы және жұкпалы емес) карсы 
адаптивті жауап осы негізгі кызметтің нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет