С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет87/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
АНТИГЕНДІ ТАНЫСТЫРУШЫ 
ЖАСУШАЛАР
Иммундык жүйе жасушаларының манызды тобын антигенді таны- 
стырушы жасушалар (АТЖ) кұрайды.
АТЖ қышетіне антигендерді өңдеу жэне өздерінің бетінде МНС
гендерінің өнімдерімен байланыстырып Т-лимфоциттерге таныстыру
(процессинг жэне презентация)кіреді.
Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, 
дендритті жа-
сушалар (ДЖ) макрофагтар жэне В-лимфоциттер,
сондай-ак терінін 
кератиноциттері және кантамырларынын эндотелий жасушалары жа- 
тады. 
Макрофагтар, дендриттік жасушскіар жэне В-лимфоциттерді.
сонымен катар, 
мамандандырылган АТЖ
деп те атайды, себебі, 
олар
белсенді жэне антигенді таныстыруда негізгі қызмет атқарады.
Макрофагтар
— бұл мононуклеарлык фагоцитгер жүйесінін жасу- 
шалары, олар сүйек кемігінің (ал эмбрионның сарыуыз капшығындағы 
және бауырдағы) бағаналы жасушалардан түзіледі; монобласттар саты- 
сыаркылы кан моноциттеріне айналады. Қан лейкоциттерінің шамамен 
5%-ын кұрайтын моноциттер кан айналымында шамамен 1 тәуліктей


182
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
болып, кейін тіндерге таралып, мөлшері моноциттерге карағанда 25 есе 
жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын кұрайды. 
Калыптаскан тіндік макрофагтар фагоцитозды аткару, кабынулык жау- 
апты бастау және АТЖ кызметін аткару аркылы туа біткен иммунитет 
жасушаларының кызметтерін катар атқарады.
Барлык моноциттер мен макрофагтарда М НС I класс гистосәйкестік 
гендерінің өнімдері болады, бірак тек кана белсенген жасушаларда 
Т-хелперлерге антигендік пептидтерді таныстыруға тікелей катысы бар 
МНС II класс өнімдері пайда болады.
Дендриттік жасуиіалар
— антигенді таныстырушы жасушалардың 
екінші тобын кұрайды. 
Өсінділімононуклеарлы жасушалар
болып келеді. 
Эпителий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары 
деп атайды (жаңа жіктелу бойынша — ак өсінділі эпидермоциттер). 
Ағзада бұл жасушалардың жалпы саны көп болғанмен (ДЖ канның, 
лимфанын және баска да тіндердін кұрамына кіреді), диффузды та- 
ралуына байланысты лимфоидтык органдардын өздерінде концентра- 
циясы аз мөлшерде болады(лимфа түйіндері мен көкбауырда барлык 
жасушалардың 1%-ын кұрайды).
Дендритті жасушалардың көбісі сүйек кемігінде кан түзудін 
миелоидты-моноцитарлыктізбегінентүзіледі. Цитоплазмадағы кабатты 
косындылар — Бирбек түйіршектері бүл жасушалардын морфологиял ык 
маркерлері болып табылады.
Дендриттік жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға карағанда 
біршама белсенді, сондықтан иммундык үдерістерді іске косуда 
шешуші маңыздары бар. 
Дендриттік жасушалардың антигенді қармап
алуы, көбінесе, лимфоидтық ағзалардан тыс аймақтарда журеді.
Антигенді өңдегеннен кейін, олар оны аймақтық лимфа туйіндердегі
Т-лимфоциттерге жеткізіп таныстырады. Дендритті жасушалардың
фагоцитоздык кабілеті жок, бірак нәруыздар мен вирустык бөлшектерді 
пиноцитоз
жолымен оңай сіңіреді.
Ең маңызды АТЖ болып ДЖ м ен МФ келеді. Олар шыққан тегі және
мінездемелерінің басым санымен туа біткен иммунитет жасушаларына
жатса да, адаптивті иммунитет жасушалары
— 
Т-лимфоциттердің
антигенді тану удерісіне міндетті турде қатысады.
Антигенді жұтып 
алып ДЖ мен МФ жасуша ішінде олардың өндірілуін (процессинг) 
атқарады. Нәтижесінде гидролиз аяғында пайда болған антигендік 
пептидтер (эпитоптар) МНС нәруыздарымен иммуногенді кешендерді 
түзеді. Бұл кешендер АТЖ бетінде Т-лимфоциттерге таныстырылады 
(презентация). Моноцит/макрофаггар мен дендритті жасушалардын


11-Тарау. Адаптивті иммундықжүйенің қурылысы. Лимфоциттер генезі...
183
калыптасу жолдары мен негізгі кызметтері II бөлімнін 5-тарауында 
«Туа біткен иммунитет жасушалары және олардын кызметтері», соны- 
мен катар 111 бөлімнін «Антигендерді тану» деген 3-тарауында теренірек 
карастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет