С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ЖЕДЕЛ ФАЗАСЫНЫҢ НӘРУЫЗДАРЫ



Pdf көрінісі
бет44/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ЖЕДЕЛ ФАЗАСЫНЫҢ НӘРУЫЗДАРЫ
Патогендерді енгізуіне байланысты туа біткен иммунитет организмді 
тіндік жұкпамен, бұзылыстардан корғау үшін тез, күрделі, әрі көп 
компонентті «кабыну» жауабын кайтарады. Бұл жауаптың бастапкы 
сатысында туа біткен иммунитет, әсіресе бірінші кезекте моноциттер/ 
макрофагтар және ДНҚ, кабынуға карсы цитокиндер бөледі (ИЛ-1, 
ИЛ-6, Т ^ Ғ -а). Бұл цитокиндер канайналым аркылы түсе отырып, 
сарысулык нәруыздар бөледі. Олар 
инфекцияның жүйелі қорғанысының
жауабына катысады. Бұл нәруыздар 
жедел фазасының нэруыздары
деген 
атқа ие болды.
Жедел фазасының нәруыздарына ең біріншіден, 
манноза байла-
ныстырушы лектин (МБЛ), С-реактивті нәруыз (СРБ), сарысулы ами-
лоидты нәруыз және ЛПС байланыстырушы нәруыз
жатады. Аталған 
нәруыздардын барлығы туа біткен иммунитеттің рецепторларынын 
кызметін аткарушылар, олар опсониндер болып табылады. Олар липо- 
полисахаридтермен және фосфолипидтермен байланыса отырып, фаго- 
цитозды ширатады және комплементті белсендіреді. Нәруыздардын же- 
дел фазасынын корғаныш кызмет механизмі «Туа біткен иммунитеттін 
рецепторлары», 
«Комплемент 
жүйесі» 
бөлімдерінде 
толығырак 
жазылған.
Сонымен катар, нәруыздардын жедел фазасына кейбір 
қан
уйытқыш жуйенің нәруыздары (фибриноген, Виллебранд факторы),
протеазаның ингибиторлары
(аі-антитрипсин, аі-антихимотрипсин, 
а2-антиплазмин, 

плазминоген белсендірушісінің тежеушісі), 
сондай-ак металл байланыстырушы нәруыздар (
гаптоглобин, ңеру-
плоплазмин жэне гемопексин)
жатады. Жедел фаза нәруыздары тобы- 
на кейбір 
комплемент компоненттері
(С2, СЗ, С4, С5, С9, СІ-ИНА) 
кіреді.
Қабыну үдерісінің жедел фазасында, жедел фазаның нәруыздарынын 
концентрациясы бірнеше есеге көбеюі мүмкін. Зертханалык тексерулер 
аркылы кан сарысуынын кұрамын аныктай отырып, кабыну үдерісінің 
сатысы мен интенсивтілігін аныктауға болады. СРБ-ның концентра- 
циясы аркылы аутоиммунды аурулардың (ревматизм, ревматоидты ар- 
трит) интенсивтілігін және емдеу тиімділігі және ауыр инфекциялык 
ауруларда сепсис тәрізді, сонымен катар, некроз кұрылуымен көрінетін 
(инсульт, миокард инфаркты) патологиялык үдерістерді аныктауда 
колданылады.


7-Тарау. Туа біткен иммунитеттің гуморалды факторлары
95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет