«Стоп кадр» әдісі. «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар»
-Ұлы Жібек жолы бойында қандай қалалар болған екен?
-Сауданың дамуы қала мәдениетінің дамуына қалай ықпал етті» -деп ойлайсыңдар? т.б.
Қазақстандағы Жібек жолы.
Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы
Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда
Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан,
Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі
ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы
артқан.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда
жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолындағы тауарлар.
Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп
тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға,
піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.
Жібек жолының маңызы.
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек
жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан
христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму,
таралу жолы.
Топ бойынша саралап оқиды.
Тақырыптың мазмұнын аша отырып,постер қорғау.
1-топ: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
2-топ: Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері
3-топ: Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізгенықпалы Шығармашылық тапсырма:Сәйкестендіру
"Көш керуен" ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Жібек жолы қайдан басталады?
2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
3. ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі?
5. Жібек жол арқылы таралған діндер?
6. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?
7. Б. з. б. ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?
8. Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?
9. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?
10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?
Картамен жұмыс:
Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы
«Ойлан – Жұптас - Бөліс» (топтық тапсырма )
Мәтіндегі мәліметке және өз біліміңе сүйене отырып, таңдауыңа берілген үш қала туралы мағлұматты кестеге толтырыңыз.
Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразы отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Отырар, Тараз, Испиджап, Суяб, Сауран, Түркістан, Сығанақ қаласында үлкен шаһарлардың маңызы артып, гүлденді. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің де ықпалы зор болды. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалардағы халықтың саны да күрт артып, тез өркендеген.
Қала аты
|
Саудасы
|
Архитектуралық
ескерткіші
|
Қолөнері
|
Діни-наным-
сенімдері
|
|