Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет5/35
Дата21.02.2020
өлшемі17,84 Mb.
#58774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
8-сынып әдебиеті қмж




Х и к м еттер

Даналардың айтқаны келер болды,

Қияметтің қияпаты төнер болды,

Ақымақтар айқаймен жеңер болды,

Бұл не деген замана болды достар.


Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телі-тентек зақым етті,

Тал түсте талапайда ақыл кетті,

Бұл не деген замана болды достар.


Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,

Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,

Бұл не деген замана болды достар.


Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,

Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді,

Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,

Бұл не деген замана болды, достар.


Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,

Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,

Патшаларға әділдік міндеті жоқ,

Бұл не деген замана болды, достар.


Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,

Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,

Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ.

Бұл не деген замана болды, достар.


Азған заман ғалымы залым болар, Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,

Анығын айтқан адалдар жазым болар,

Бұл не деген замана болды, достар.


Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған

Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.



2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ, Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,

Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,

Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.

Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,

Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,

Алла басқа салғанда көнбес болсаң,

Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.



Зікір айтып, зар еңіреп- еміренбесең,

Иіп үш жүз алпыс тамырың, тебіренбесең,

Төрт жүз қырық төрт сүйегің сөгілерде сен Қиналмасаң, құр сөзіңнің салмағы жоқ.
Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,

Саған разы болар бүкіл жамағат та.

Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа, Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.
Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,

Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,

Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-



Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.
Безбүйріктер қайтсін іште дертің барын,

Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін, Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,

Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.
Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,

Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,

Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың, Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.

Қиын жолда қиылып басың кетер,

Бұл жайында айта берсең болар бекер,



Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер, Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.

Ғашық емес құштарына жан бермесе,

Дихан емес кетпен шауып нан бермесе,

Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,

Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.

Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,

Дару тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама,

Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама, Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.


Тақуа болма, тентек болма, ғашық болғын,

Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.

Нәпсің тыйып, күнәдән қашық болғын,

Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.

*Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,

Алла алдында тәубасы зайғы болар.

Есіл дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,

Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.

Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін, Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,

Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,

Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет