Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет13/35
Дата21.02.2020
өлшемі17,84 Mb.
#58774
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
8-сынып әдебиеті қмж





САБАҚ: - сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мұрат Мөңкеүлы “Сарыарка”,

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру (Б/С1)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды

Оқушылардың көбісі: Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі

Оқушылардың кейбірі: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Бағалау критерийлері

Кейіпкерлер іс-әрекеті мен автор берген мінездемені шығармадан табады

Автордың мінездемесін кейіпкерлердің шығармадағы іс-әрекетімен салыстырады

Шығарманың тарихи құндылығына баға береді

Шығарманың көркемдік құндылығына баға береді



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып жазу

Қыраж – алым-салық

Күдер – бел, төбе, өрлі жер

Орашолақ – еш нәрсеге ыңғайы жоқ, епсіз



толарсақ — асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі қисық сүйек

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...;Салыстыра қарғанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...




Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Жоспар

Жоспарланатын уақыт




Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

  1. Сурет пен астында жазылған мәліметті салыстырыңыздар. Не байқадыңыздар?

  2. Берілген екі мәліметтің қайсысының құндылығы жоғары деп ойлайсыздар? Неге?

  3. Сіз таңдаған мәліметтің тарихи құндылығы басым ба әлде көркемдік құндылығы басым ба?

Оқушылар пікірі тыңдалады және берген жауаптарын негізге ала отырып, сабақтың мақсатына болжам жасайды.

  1. Қалай ойлайсыздар, бүгін біз «Күлтегін» шығармасы бойынша қандай жұмыс жасаймыз?

Оқушылардың жауабы тыңдалады және сабақтың мақсаты мен жетістік критерийі таныстырылады.

https://www.youtube.com/watch?v=qTji3D-ti6M




Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

«Жұптас, бөліс, топтастыр» әдісі

«Мән мағына» оқыта үйрету ойыны

Оқулық мәтінімен жұмыс. Мән мағына оқыта үйрету ойыны арқылы оқулықтағы «Үш қиян», «Сарыарқа», поэмасы мазмұнын өздері мұқият оқып шығып, негізгі деп санайтын жолдарды тауып, ойды бір сөйлеммен жеткізуді тапсырады.

Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази” поэмалары мен “Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі — ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі — дастандары (“Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази”), үшіншісі — ақынның айтыстары. Біз де зерттеушінің ізімен жүруді жөн көрдік. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты  ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге  салып жөндеуді көздейді.

 Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі.


Сөздік жұмысы. Шығарма мәтініндегі көнерген, түсінбеген сөздерді теріп, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып жазады.

Қыраж – алым-салық

Күдер – бел, төбе, өрлі жер

Орашолақ – еш нәрсеге ыңғайы жоқ, епсіз



толарсақ — асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі қисық сүйек

Топпен жұмыс ұйымдастыру

1- топ – М.Мөңкеұлының шығармаларын осыған дейінгі зар заман ақындарымен салыстырып, Венн диаграмасын жасау.

2-топ – М.Мөңкеұлының өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін талдау (ассонанс, аллитерацияны табу)

3-топ- М.Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар дайындау




Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Шығармадан автор берген мінездемені анықтай алады


Автор берген мінездемені кейіпкерлер іс-әрекетімен салыстырады


Шығарманың құндылығына баға береді


Жеке,өзіндік пікір білдіреді





http://old.el.kz/m/articles/view/content-1257




Сабақтың соңы


Кері байланыс.

Үйге тапсырма: «Шығармада қолданылған көркемдеуіш құралдарын анықтайды.


Ауызша кері байланыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет