Тақырып:Құжаттарды құру, сақтау және ашу. Мәтін үзінділерін өшіру, форматтау.
Мақсат:Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының терезесі элементтерімен және мәтін теру ережелерімен таныстыру. Редакторда құжаттарды құру, сақтау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды құжтты құру, сақтау және ашу операцияларымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
3)Жаңа тақырыпқы кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларын орындау керек: Қаріп және оның өлшемін таңдау
Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтінді пішімдеу
Құжатты сақтау және ашу
Баспаға шығару
әдетте программа іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша, яғни автоматы түрде орысша және ағылшынша әріптермен мәтінді енгізу үшін Times New Roman қарпі орнатылады. Олардың қажеттісін таңдап алу үшін, пернетақтаның индикаторындағы екеінің бірін шерту қажет.
Мәтінді пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
Enter пернесін тек абзац соңында немесе мәтінді бос жол жасау үшін басады. Бас әріп теру үшін Shift пернесін басып тұрып, қажетті әріпті теріңдер. Жолды түгел бас әріппен теру үшін, Caps Lock пернесін басып қойыңдар, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басыңдар.
Егер сендер керек емес әріпті теріп қойсаңдар, онда BackSpace пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символды жоюларыңа болады.
Мәтінді жою үшін, Delete пернесін де пайдалануға болады. Егер меңзерді өшіретін әріптің алдына қойып Delete пернесін басса, оның соңындағы әріп өшеді.
Мәтіннің бүтін бөлігін де өшіруге болады. Ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, Delete пернесін басыңдар.
Мәтіннің блогын тышқанның көмегімен белгілеу үшін, блок басында тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей отырып, тышқан нұсқағышын белгіленетін блоктың соңына жылжытыңдар.
Құжат бойы меңзерді жылжытуға арналған пернелер комбинациялары
WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
Суретті белгілеңдер.
Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Тапсырма 1. Келесі мәтінді теріп оған сурет кірістіріңдер.
Компьютер деген не
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.
1642-жылы Блез Паскаль сандарды қосуды механикалық түрде орындайтын құрылғыны ойлап тапты, ал 1673-жылы Готфрид Вильгельм Лейбниц төрт амалды механикалық түрде орындауға мүмкіндік беретін арифмометрді құрастырды. XIX-ғасырдан бастап арифмометр өте кең қолданыс тапты. Онда тіпті өте күрделі есеп-қисапты орындады, мысалы артиллериялық атыстарға арналған баллистикалық есептеулер. Жылдам және белгілі бір нұсқаулар тізбегін дәл сақтап (мұндай нұсқаулар тізбегі ақыр соңында бағдарлама деп аталды) арифмометрде жұмыс істейтін адам – есептегіш – арнайы кәсіп бар болды. Бірақ көптеген есептеулер өте баяу жүргізілді – тіпті ондаған есептегіштер бірнеше апта және айлап жұмыс істеуге тиіс болды. Себебі қарапайым – мұндай есептеулерде орындалатын әрекеттерді таңдау мен нәтижелерді жазуды адамдар жүргізді, ал оның жұмыс істеу жылдамдығы айтарлықтай шектеулі.
XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы – адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған «қоймасы» ( қазіргі терминологияда – жад) бар болуы тиіс еді. Тапсырмалар мен сұрақтар: Алмасу буферінен суретті құжатқа қою үшін қандай команда орындаймыз?
Мәтінді іздеу әрекеттерінің тізімі?
Мәтінді ауыстыру әрекеттерінің тізімі?
Құжатқа күн мен уақытты кірістіру қалай орындалады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad – та құжаттарына суреттерді кірістіру туралы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма§5.2, бет. 175-179
WordPad құжатына суреттерді кірістіру.
ПәнИнформатикасынып7_Күні . .
сабақ №:30сағ.саны.:1
Тақырып:Калькулятор. Қарапайым және күрделі есептеулерді жүргізу
Мақсат:Оқушыларды Калькулятор программасымен таныстыру, программа туралы жалпы мағлұмат беру.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) WordPadпрограммасында графикалық объектілерді қалай қоямыз?
WordPad-та суретті құжат бойынша қалай жылжытамыз?
WordPad программасының қандай қосымша мүмкіндіктері бар?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін «Калькулятор» қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькуляторлардың жұмысын модельдейді. Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа программаларға беруге болады.
Калькуляторды іске қосу үшін келесі команданы орындаймыз:
Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады, сонан соң соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калкулятордың бірініші түрінен екінші түріне ауысу үшін Вид менюінен оның сәйкес типін таңдау арқылы орындайды.
Калькулятормен жұмыс жасаудың принципі кәдімгі қалта калькуляторымен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Калькулятор түрлері және олардың айырмашылығы?
Қарапайым есесптеулер жүргізу жолдары?
Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау жолдары?
сабаққа дайындығын тексеру;2)оқушыларды түгендеу.
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Мультимедиа – бұл бір уақытта мәтіндік, графикалық, дыбыс, бейне, әуен және анимация қолданатын компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Мульти деген – көп, медиа – бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы атауы. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрастырылған. Мульитмедианы қолдану үшін компьютерде қосымша аппараттық құралдар болуы қажет: дыбыс картасы және CD-ROM, микрофон, колонкалар, наушниктер.
Лазерлік ойнатқыш программасы CD-ROM – ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Іске қосу үшін:
Пуск – Программы – Стандартные – Мультимедиа – Лазерный проигрыватель
Лазерлік ойнатқыш программасы жұмысын тотқанша ойнайтын режимін қоюға болады.
Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әнннен екінші әнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.
Лазерлік ойнатқыш, Әмбебап ойнатқыш және Фонограф программаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Ол үшін тапсырмалар тақтасында Громкость түрінде бейнеленгенбелгішені шертеміз. Сонда дауыс қаттылығын реттеуші шығады. Онда тышқан нұсқағышымен сәйкесінше түзетулер жүргізуге болады.
Әмбебап ойнатқыш мультимедиа файлын іске қоса алады, яғни, лазерлік ойнатқыш дыбыс компакт-дискілерімен не жаса са, ол да дыбыс және бейнеақпарат көздерімен соны жасайды.
Фонограф программасы кішігірім дыбыстық файлдарды өздеріңнің программаларың мен құжаттарыңда қолдану үшін дискіге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі арқылы жіберуге болады. Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Дыбыстық файл құру жолын көрсетіңіз.
1
Өз дауысыңды жаз
2
Файлда сақта
3
WordPad құжатына қой
1 Фонограф программасын ашу
Файл – Сохранить
1 Фонограф – ты қос
2 Микрофон қосып, Запись
батырмасын басып, сөйле
2 Файл –ды аш
3 Сөйлеп болған соң, Стоп бас
3 Правка- Копировать командасын орында
Тыңдап болған соң, Переход в начало
батырмасын бас
4 WordPad программасын аш
5 Воспроизведение батырмасын бас
5 Правка – Вставить командасын орында
Тапсырмалар мен сұрақтар: Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
Мультимедиа дегеніміз не?
6. Сабақты қорытындылау
Оқушыларға мультимедиа программалары туралы жалпы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма§7.1, бет. 196-201
Тақырып:Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.
Мақсат:Оқушыларды жергілікті желі және электрондық пошта ұғымдарымен таныстыру. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жеткізу туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылады жергілікті желі және электронды пошта ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту. Желілік құралдарды пайдалану деңгейін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
Мультимедиа дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.
Бір-бірімен жақын аралықта орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.
Қандай да бір желілік қорды пайдалану үшін: Сетевое окружение қапшығын ашыңдар да, онда қажетті қоры бар компьютерді таңдаңдар.
Компьютердегі қорды ашу керек
Егер қорға қатынау шектелмеген болса, онда бұл дискімен немесе қапшықпен жергілікті қор сияқты жұмыс істеуге болады.
Егер қорға қатынау парольмен шектелген болса, пайда болған диалогтық терезеде парольді енгізіп, ОК батырмасын басу керек.
Электрондық пошта кәдімгі поштаны еске салады: өздерің жіберетін немесе алатын хабарлардың барлығы желілік серверде орнатылған басты бір «пошта бөлімі» арқылы өтеді.
Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есесп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. болуы мүмкін.
Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта деп атайды.
Желі абоненті өзі қосылған тораптың пошталық серверінде тіркеледі және бұл сервер оған жеке пошта жәшігін тағайындайды, яғни пошта серверінде оған сыртқы жадтың бөлімі арналады. Әрбір пошта жәшігіне өз аты беріледі. Бұл жәшікке жіберуші абоненттен алушы абоненттің атына жіберілген хаттар мен пошта келіп түседі.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Электрондық поштаның кәдімгі поштамен ұқсастығымен айырмашылығын жаз.
Ұқсастығы
айырмашылығы
Тапсырмалар мен сұрақтар: Жергілікті желі дегеніміз не?
Электрондық пошта не үшін қажет?
Хабарлар құру жолы?
Желілік қорды пайдалану реті?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма§8.1, бет. 206-220
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта дегеніміз не. Хабарлама құру.
ПәнИнформатикасынып7_Күні. .
сабақ №:33сағ.саны.:1
Тақырып:Компакт – дискіден программаларды қондыру және жіберу.
Мақсат:Оқушыларды компакт – дискіден программаларды орнату және іске қосу туралы білімдерін қалыптастыру және компакт-дискіден программаларды орнатуды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компакт-дискілермен жұмыс жасаға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Жергілікті желі дегеніміз не?
Электрондық пошта не үшін қажет?
Хабарлар құру жолы? Желілік қорды пайдалану реті?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.
Компакт-дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.
Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни сендер CD-ROM ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматтты түрде жүреді. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертіңдер. Орысша нұсқада бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмакса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқада ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.
Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No; Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree; Да, Согласен деп жауап беру қажет.
Содан соң орнату барысында тек ОК, Next батырмасын басу керек.
Сондай-ақ соңғы кездерде Орнату базасы бар ойындар жинағы кең таралды. Олардың соңғылары автоматты қосқышпен жабдықталған.
Егер автоматты түрде қосылмаса, онда базаның файлын дискіден өз беттеріңмен іздеуге тура келеді.
Сергіту жаттығуы. (2 мин) 5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: CD диаметрі қандай?
CD –де не сақталады?
CD –ге қанша рет ақпарат жазуға болады?
CD –де қандай көлемде ақпарат орналасады?
Компакт-дискіден программа қалай орнатамыз?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма§7.2, бет. 201-205
Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу.