§ 37. Материк жағалауындағы мұхиттар . Ашылу және зерттелу тарихы
Сабақтың мақсаты : Оңтүстік Америка материгінің ашылу және зерттелу тарихымен және жағалауындағы мұхиттармен оқып танысу.
Күтілетін нәтиже : Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхиттарды білу және картадан көрсете алу. Материктің ашылу және зерттелу тарихы туралы айта алу.
Зымыран сұрақтар
1. Гректің «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық қалай аталады?
2. Пангея құрлығы қандай бөліктерге ажырады ?
3. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды?
4. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылды?
5. Кейіннен қандай тақталар Еуразияға келіп қосылды?
6. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасады?
Америго Веспуччи (1454- 1512 жж.)- теңіз саяхатшысы. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497-98 жылы Канар аралдарына жасады. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды.
Христофор Колумб (1451 – 1506 жж.)- саяхатшы , испан адмиралы(1492). Саргасс , Кариб теңіздерін , Багам , Антиль аралдары мен Оңтүстік Американың солтүстік жағалауын ,Орталық Американың Кариб теңізі жағалауындағы бөлігін алғаш ашқан.
Фернан Магеллан (1480-1521 жж.)- Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді. 1519 — 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті.
Александр Гумбольдт (1769-1859 жж.)- неміс географ-ғалымы . Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп , алғашқы геологиялық картасын жасаған ; батыс жағалауындағы мұхит ағыстарын сипаттап , олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген . Анд тауларын зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылықтарын негіздеген. Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан асатын еңбек қалдырған.
Никола́й Ива́нович Вави́лов ( 1887-1943) — орыс ботанигі , генетик , селекционер , географ. 1932-33 жылдар аралығындағы экспедициясы кезінде Оңтүстік Америка материгіндегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Картоп , жүгері , қызанақтың отаны Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеген.
Воейков Александр Иванович (1842-1916) - орыс климат зерттеушісі,географ, профессор. 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.