Басталуы
0-8 минут
Ортасы
8-11 минут
11-12 минут
12-18 минут
18-20 минут
20-25 минут
25-32 минут
Сабақтың соңы
32-35 минут
35-40 минут
|
Оқушылармен амандасу. Өткен сабақтағы алған білімдерін қайталап, бекіту масатында «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойнатылады.
Оқушылар сынып ішінде еркін қозғалыста болады. Мұғалім атом дегенде жеке – жеке, 2 атомнан, 3 атомнан молекула құрылсын дегенде бір – бірімен тез топтаса қалулары қажет. Содан соң химиялық элементтерді қайталату мақсатында оқушыларды шеңберге тұрғызу немесе отырғызу. Оқушыларға мұғалім карточкалар таратады. Карточкада химиялық элементтің таңбасы беріледі.
«Мен кіммін?» ойыны ойнатылады. Сағат тілі бойынша оқушылар өзіндегі карточканы көрсетіп, «Мен кіммін?» деген сұрақ қою қажет, сол кезде көршісі ол элементтің атауын айтады, осылайша жалғаса береді. Мұғалім сырттарынан бақылап,бағалап жүреді.
Оқушылармен өткен сабақты қайталап алған соң, жаңа тақырып пен оқу мақсатын анықтау үшін оқушыларға интерактивті тақта арқылы төмендегі сурет көрсетіліп, жұптық жұмыс беріледі.
Тапсырма: жұбыңызбен талқылай отырып, бос орындарды толтырыңыз.
Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі, содан соң барлық болжамдары тыңдалады.
Бұдан соң оқушылар бүгінгі күннің жадысы мен жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып, оқу мақсаттарымен таныс болады.
Оқушыларға жеке жұмыс беріледі. Жеке жұмыс парағымен алдымен таныс болады. Содан соң бейнематериал көрсетіледі, көрген материалды қолдана отырып, жұмыс парағын толтырады.
А) Схеманы толықтырыңыз.
Атом құрылысы
В) Протон, электрон, нейтронның салыстырмалы массасы және зарядын кестеге толтырыңыз
Элементар бөлшектер
|
Заряды
|
Массасы
|
p
|
+1
|
1
|
n
|
0
|
1
|
e
|
-1
|
1/1836
|
Оқушылардың жауаптарын бағалау үшін мұғалім оқушыларға көршілес оқушымен жұмыс парақтарын алмастыруларын тапсырады. Мұғалім дұрыс жауапты интерактивті тақта арқылы шығарады, сәйкесінше оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Оқушылар осылайша өз беттерінше атом құрылысы мен құрамымен таныс болады. Ендігі кезекте оқушыларға мұғалім элементтердің периодтық жүйесін пайдаланып протондар, электрондар, нейтрондарды және нуклонды анықтау жолын түсіндіреді.
Содан кейін оқушыларға бос кестеге зарядтары және массасы жайындағы мәліметтерді толтыру тапсырмасы жұптық жұмыс ретінде беріледі.
Оқушылар «Сыныптан шығу билетін» жазады, онда екі сенімсіз болған екі ұғымды және тақырып бойынша бір сұрақ жазады.
Үйге тапсырма:
Оқушының білімін кеңейтуге үйде бір химиялық элементтің атом құрамын моделдеу сұралады (алғашқы 20 элементтен).
|
Химиялық элементтер таңбалары жазылған карточкалар
http://www.youtube.com/watch?v=lP57gEWcisY
немесе
http://www.youtube.com/watch?v=qK8irNKO9jc
Қалыптастырушы бағалау
Жұмыс парағы
Жұмыс парағы
Карточкалар немесе стикерлер
|