2
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңберіне шақыру)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
Бүгін біз топпен жұмыс істейміз, сондықтан еске түсірейік топпен жұмыс істегенде қандай ережелерді сақтауымыз керек:
1.басқалардың пікірлерін қадірлеу
2.тыңдай білу
3.қосарланбау
Қалай білетінімізді енді қарап көрейік
Мұнандай шарт қойылады:
Тақырыпты толық ашқанға - 2 балл
Жартылай ашқанға - 1 балл
Әңгіменің эмоциональдігі – 1 балл
Бүгін мұғалімдердің орнында спикерлер сабақты жүргізеді, олар жауап алады ,бірақ өздерінің топтарында емес , басқа топтардан өздерінің дайындап әкелген сұрақтары бойынша.Әр оқушы үш сұраққа жауап беру керек,ал спикерлер жауаптарын парақтарына жазып алады.
1.Бір жылда неше күн бар?
2.Бір жылда неше ай бар?
3.Бір жылда неше мезгіл бар?
4.Олар қандай?
5.Қазір қай жыл мезгілі?
6.Күзде ауа райы қандай болады?
7.Табиғатта қандай өзгерістер болады?
8. Алтын күздеп қай уақытты айтамыз?
9. Неліктен күз мезгілін молшылық мезгіл дейміз?
10.Күзден кейін қай мезгіл келеді ?
9. Жылдың әр мезгілінде не өзгеріп тұрады?
10. Адамдар ауа райының болжауын қайдан біледі?
11. Ауа райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі қалай аталады?
12.Сендер қай жыл мезгілін ұнатасыңдар?.
13.Не үшін ұнатасыңдар?.
14.Күзде оқушылар қайда барады?
15.Күзде қандай мерекелер болады?.
16.Күз айларын ата?
17.Қыркүйек айынан кейін қай ай туады?
18.Күздің соңғы айы қалай аталады?
19. Саған күз айының қай мезгілі ұнайды?
Проблемалық сұрақ. « Күз айлары» - деген сөз тіркесі қалай түсінесіңдер?Күзгі табиғат қандай болады?
Күзгі - деген сөзде неше буын бар? Екінші топ септейді.
Дарынды оқушы фонетик. талдау матем. тәсілімен. ( дарынды оқушымен жұмыс).Жұмыс дәптеріне жазу.
Сөздік жұмыс.
1.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.Сөздік дәптеріне жазу.
А).жаңа сөздерден сөйлем құрастыру – 1топ;
Ә)сөз тіркестерін құрастыру – 2 топ;
Б) сөздерді буынға бөлу, буын түрлерін ажырату – 3 топ.
Мәтінмен жұмыс.
1топ.
Өлеңді мәнерлеп оқып жтқа айтып беру..
2 топ.
Күз айлары туралы диалог құрастыру.
3 топ.
«Күзгі табиғат» - бұл тақырып бойынша, өз ойларыңды шағын шығарма ретінде жазыңдар.
Сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
Үлгі: менің табиғатым , сары жапырақ, салқын жел, жылы жаққа, күн қысқарады, қаранғылық түседі.
Сын есім+зат есім
Сан есім+зат есім
Есімдік+зат есім
Зат есім+етістік
Тест.
1.Бір жылда неше мезгіл бар? А)үш б)төрт в)он екі г)алты д)бес
2.Күз айларын көрсет. А)ақпан б) қараша в)тамыз г)мамыр д)наурыз
3.Табиғат сөзінде неше буын бар? А)бес б)төрт в)алты г)үш д)жеті
4.Күзде күн қандай болады? А)қысқа б)жылы в)үлкен г)ұзақ д)кішкентай
5.Күзде не піседі? А)су б) жеміс в) аспан г) жер д) тау
6.Ауа райын болжайтын аспап қалай аталады? а)барометр б)термометр в)газометр г)камера д)прибор
Жауап :1-б,2-б,3-г,4-а,5-б, 6-б. «6»- 5, «5»- 4, «4» - 3,; «2» - 2.
1.Сөздер жатқа, №1 – аудару..
Прием «Радуга» - «Кемпірқосақ»
Оқушыларға мұнандай сұрақ қоям. Бүгінгі сабақты «Кемпірқосақтың» қай түсімен сәйкестіруге болады деп ойлайсыңдар? «Кемпірқосақтың» түстерінің мағынасы:
1.қызыл – қоздырту(возбуждение) белгісі, агрессия
2.көк – көңілсіздік белгісі
3.жасыл – белсенділік білдіреді
4.сары – қуаныш белгісі
5.қызыл сары ( оранжевый) – көтеренкі қуаныш белгісі
6. күлгін (фиолетовый) – қобалжу( беспокойное) белгісі
|