Сабақ: № Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 11Т2



Дата27.04.2022
өлшемі206,15 Kb.
#141175
түріСабақ
Байланысты:
11-сынып. С.Оразбаев. Өмірдің өзі театр. ҚМЖ-4.4-нұсқа



Қысқа мерзімді жоспар 

Сабақ: № 

Мектеп:  

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:  

Сынып: 11Т2 

Катысқандар:  

Қатыспағандар: 

Сабақ тақырыбы:  

Ұлттық театр – өнер ордасы
Сәбит Оразбай Асқар Сүлейменов жайлы

Сабақтың түрі: 

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 

 Тілдік бағдар. 11.5.1.5 мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану



Сабақ мақсаттары: 

Мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану

Бағалау критерийлері:  

Тілдік мақсаттар  

Болбыр сөйлемейтін, қорғасындай болатын, қайырып тастайтын, спектакльдердің кестесі, т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім:  

Сәбит Оразбаевтың Нұрмұхан Жантөрин жайлы естелігі

Дифференциация  

  • Оқушылардың барлығы: Сәбит Оразбайдың «Өмірдің өзі театр» әңгімесіндегі «Өзі мүлік болса, ... бұл қандай әртіс?» үзіндісін оқиды, танысады, мазмұнын түсінеді.

  • Оқушылардың көбісі: Сәбит Оразбайдың «Өмірдің өзі театр» әңгімесіндегі «Өзі мүлік болса, ... бұл қандай әртіс?» үзіндісімен танысып, идеясын, автордың позициясын біліп, көсемшелерді анықтай алады, оларды жазба жұмысында біршама қолдана алады.

  • Оқушылардың кейбірі: Сәбит Оразбайдың «Өмірдің өзі театр» әңгімесіндегі «Өзі мүлік болса, ... бұл қандай әртіс?» үзіндісімен танысып, көсемше оралымдарды анықтай алады, оларды талдап орындалу себебін өте жақсы түсінеді, оларды қолданып эссе жазады.

Пәнаралық байланыс 

Тіл білімі,  қазақ әдебиеті т.б.

АКТ-ны қолдану дағдылары: 

Презентация, интернет желісін қолдану, театрға қатысты мәліметтерді интернет арқылы, слайд бойынша түсіндіру т.б.

Дереккөздер: 

Толығырақ: https://alashainasy.kz/culture/omrdn-oz---teatr-48887/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Сабақтың барысы: 

Уақыт 

Мұғалімнің әрекеті 

Ресурстар  

Қызығушылықты ояту 

3 минут



Ұйымдастыру сәті.

  1. Сәлемдесу;

  2. Түгендеу;

  3. Үй тапсырмасын тексеру;

  4. Оқушылар 3 топқа бөлу.

  5. Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру;



  1. Кіріспе



Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтайды,
Оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолданады.

Көсемше туралы жалпы ақпарат табады;

Көсемше тұлғалы етістіктерді эссе жазуда қолданады;

Эсседегі көсемше тұлғалы сөздердің жасалу жолын көрсетеді.






Мағынаны тану 

2 минут


10 минут

15 минут
3 минут

5 минут

3 минут




Жазылым алды тапсырма:
1-тапсырма. Көсемше туралы кеңірек ақпарат білу мақсатында топтарға бөліне отырып, топта ментальді карта жасаңдар, өз жұмыстарыңмен бөлісіңдер.
1-топ: Көсемшенің анықтамасы
2-топ: Көсемшенің мысалдары
3-топ: Көсемшенің жұрнақтары


Жазылым тапсырмасы. Жеке жұмыс
Теориялық білім:
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшені сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау.
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынамаочерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
(Қосымша ақпаратпен толықтыру)
«Өзі мүлік болса, ... бұл қандай әртіс?»

Асқар Сүлейменов жайлы

Асқар Сүлейменов қалай болса, солай болбыр сөйлемейтін. Бекерге сөз айтпайтын. Әр сөзінің өзі қорғасындай болатын. «Мынау не?» дейді, оны айта бастасаң, «білем» дейді. Сондай бір қайырып тастайтын сөздері бар еді.

Бірде театрда қойылатын спектакльдердің кестесін оқып тұрса, қасына Сүртібаев келеді арғы жағынан. «Бүгін не болады екен, ертең не болады екен, кімдер ойнайды екен?» деп сұрақты үстін-үстін қойып, Асқарды иығымен итеріңкіреген ғой. Бергі жағында Әубәкір тұр екен. «мен итеріп жатқан мынау кім?» деп Әубәкірден сұрапты. «Бұл Мүлік Сүртібаевич қой», дейді. «Мүлік, сонда қалай болды, өзі мүлік болса, әкесінің аты Сүртібай болса, бұл қандай әртіс?», – дейді. Мұны естіген Мүлік ашуланып кетіп қалыпты.



Жазылым тапсырмасы
«Адамның мінезін түзетуге болады ма?»тақырыбына өз ойыңды дәлелдеп, дискуссивті эссе жаз. Эссе жазу барысында жоғарыда айтылған тілдік клишелерді қолдан, эссе жазу талаптарын сақта.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Көсемше тұлғалы етістік сөздер эсседе қандай мәнде қолданылып тұр?
Үш түсіндірме бер:

  • Не себепті ... екендігін түсіндір.

  • Сен неге ... деп ойлайсың?

  • Сен неге ... деп есептейсің?


Кері байланыс

  • Мәтінді оқу барысында қандай ой түйіндедіңіз?

  • Жазылым жұмысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?



Үй тапсырмасы: Адам бойындағы қасиеттер туралы 5 мақал жазып келу


Толығырақ: https://alashainasy.kz/culture/omrdn-oz---teatr-48887/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Қосымша мәліметтер 

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы 

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:  


Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:

Оқушылардың белсенділігі:  



Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет