Сабақ № Мұғалім: Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлу. (204 бет) Сабақтың мақсаты



Дата09.08.2017
өлшемі38,83 Kb.
#23193
түріСабақ
2 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлу. (204 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды көбейту мен бөлу амалдарының қатынасымен таныстыру. Екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру; екіншісі біреншісінің жалғасы болатын есептер тізбегін қарастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын дамыту. Екі амалмен шығарылатын есепті ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, көбейту мен бөлу кестесі.

Жоспар:


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ. көбейту мен бөлу кестесі.мен жұмыс.



1-тапс ырма.
Тақтада түсіндірме мәтіндермен жұмыс.

Суретте неше көбелек бар?

Екі көбелектен бөлетін болсақ неше топқа бөлінеді?

Үш көбелектен бөлетін болсақ неше топ болады?

2+2+2 23=6

6─2─2─2 6:2=3 6:3=2

Компоненттерді пысықтау:
3х2=6 6:2=3

3х2 – көбейтінді 6:2 – бөлінді

6 – көбейтіндінің мәні 3 – бөліндінің мәні

3 – көбейткіш 6 – бөлінгіш

2 – көбейткіш 2 – бөлгіш
Математикалық диктант

3х2 ...т.с.с



Белгісіз компонентті табу барысында жұмыс.
Егер көбейткіш белгісіз болса, онда ...

Егер бөлінгіш белгісіз болса, онда ...

Егер бөлгіш белгісіз болса, онда ...

Егер көбейтіндінің мәні белгісіз болса, онда ...

Егер бөліндінің мәні белгісіз болса, онда ...
2,3 - тапсырма Түсіндіре отырып шығару.

4-тапсырма.

6×2=12 – екі қорапта 12 қарындаш бар
12:6=2 – 12 қарындашқа 2 қорап қажет болды
Қосымша тапсырмалар.

Көбейтіндіні қосынды түрінде жаз:


6×4=6+6+6+6

12×5=12+12+12+12+12

7×3=7+7+7

48×2=48+48

30×4=30+30+30+30

6. Периметрін тап.



Қабырғаларының ұзындығы 3см, 5см, 2 дм болатын шаршының периметрін тап.
Р= 12см, 20см, 8 дм.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: 5–тапсырма.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет