Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері



бет18/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Әдістемелік ұсыныстар:
Дәрісте меңгерілген, зерделенген материалдармен семинар тақырыбын байланыстыра отырып, білімдерін бекіту.
Сұрақ-жауап:
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары
2. қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарының алдын алу, оларды болдырмау және азайту бойынша, сондай-ақ оның салдарларын жою бойынша ұсынылатын шаралар.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары
4. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг
5. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу мерзімі


Әдебиеттер тізімі
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (ҚР Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі)
2. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0
3. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.
4. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023809 («Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығы).


Практикалық сабақ № 12. Қоршаған ортаға елеулі әсер етудің өлшемшарттары және ықтимал әсер ету туралы есеп
Сабақтың мақсаты: ҚО-ға елеулі әсер етудің өлшемшарттары және ықтимал әсер ету туралы есеп жөнінде талқылау
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
1. ҚО-ға елеулі әсер етудің өлшемшарттары
2. Ықтимал әсер ету туралы есеп

Қоршаған ортаға елеулі әсер етудің өлшемшарттары туралы ҚР ЭК-нің 70-бабында келтірілген.


1. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметті және оның қоршаған ортаға ықтимал әсер етуінің елеулілігін сипаттайтын мынадай өлшемшарттар:
1) мыналар:
-белгіленіп отырған қызметтің түрі мен ауқымы (өндіріс көлемі, қуаты және өздеріне қатысты осы Кодекске 1-қосымшаның 1-бөлімінде сандық шекті мәндер көзделген өзге де көрсеткіштер);
-болжанатын объект орналастырылатын ауданда оның әсер етуін басқа белгілі (іске асырылған, жобаланатын, белгіленіп отырған) қызметтің әсер етуімен кумуляциялау;
-пайдаланылатын табиғи ресурстардың түрлері мен саны,
-түзілетін қалдықтардың түрлері мен саны,
-қоршаған ортаның ластану және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілу қатерінің деңгейі,
-Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының ережелерін ескере отырып, төтенше жағдайдың және (немесе) аварияның туындау қатерінің деңгейі;
-биоәртүрлілікті жоғалту қаупінің деңгейі ескеріле отырып, белгіленіп отырған қызметтің параметрлері;
2) мыналар:
-тиісті жерлердің ағымдағы нысаналы мақсаты және орнықты жер пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары;
- қатысы бар аумақтағы табиғи ресурстардың салыстырмалы өкілдігі, саны, сапасы және табиғи регенерациялауға қабілеті;
-ландшафтың экологиялық орнықтылығының аумақтық жүйесіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, экологиялық "дәліздерге" және жабайы жануарлардың миграция жолдарына, ландшафтың маңызды элементтеріне, тарихи-мәдени мұра объектілеріне, тарихи, мәдени немесе археологиялық маңызы бар аумақтарға, халық тығыз қоныстанған аумақтар мен жол берілетін шектен тыс жүктемені (бұрынғы жүктемені қоса алғанда) бастан кешіп отырған аумақтарға ерекше назар аудара отырып, табиғи ортаның жүктемені көтере алу қабілеті ескеріле отырып, қатысы бар аумақтың параметрлері;
3) әсер ету көлемін (аумақ пен халық саны), оның трансшекаралық сипатын (оның мемлекет шекарасынан тыс жерге таралуы тұрғысынан), мөлшерлерін, күрделілігін, ықтималдығын, ұзақтығы мен жиілігін, сондай-ақ салдарлардың қайтымдылығын (қоршаған ортаның немесе оның жеке объектісін бастапқы жағдайға жақын күйге дейінгі қалпына келтіру мүмкіндігі) ескере отырып, белгіленіп отырған қызметтің адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етуінің әлеуетті маңыздылығы қаралады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өлшемшарттарды қарау экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет