Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері



бет15/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Тапсырмалар: Дәріс материалдары мен СӨЖ-на арналған тапсырмаларды ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, практикалық сабақ тақырыбымен ұштастыру және талқылау.
Аталмыш сұрақтар төңірегінде презентация дайындау немесе сұрақтарға толық жауап жазбаны конспектілеу арқылы ауызша сұрақтарға жауап түрінде жазу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Дәрісте меңгерілген, зерделенген материалдармен семинар тақырыбын байланыстыра отырып, білімдерін бекіту.
Сұрақ-жауап:
1. Стратегиялық экологиялық бағалау;
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау;
3. Трансшекаралық әсерді бағалау;
4. Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау
Әдебиеттер тізімі
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (ҚР Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі)
2. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0
3. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.
4. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023809 («Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығы).


Практикалық сабақ № 11. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары және белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш пен скрининг
Сабақтың мақсаты: ҚОӘБ бойынша сатылары, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш пен скрининг жөнінде талқылау
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары
2. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш
3. Белгіленіп отырған қызмет туралы скрининг
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары
Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары ҚР ЭК-тің 67-бабына сәйкес атқарылады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау өзіне мынадай:
1) белгіленіп отырған қызметтің осы Кодекс талаптарына сәйкестігін айқындау, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу мақсатында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштерді қарау;
2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау;
3) ықтимал әсер ету туралы есеп дайындау;
4) ықтимал әсер ету туралы есептің сапасын бағалау;
5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару және оны есепке алу;
6) егер осы Кодекске сәйкес жүргізілу қажеттігі айқындалса, белгіленіп отырған қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсер етуіне жобадан кейін талдау жасау сатыларын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет