Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері



бет11/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Әдістемелік ұсыныстар:
Дәрісте меңгерілген, зерделенген материалдармен семинар тақырыбын байланыстыра отырып, білімдерін бекіту.
Сұрақ-жауап:
1. Алдын ала жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау реті
2. ҚР шаруашылық әрекеттерді нормативтік тұрғыдан негіздеу


Әдебиеттер тізімі
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (ҚР Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі)
2. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0
3. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.
4. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023809 («Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығы).
5. Методические указания по проведению государственной экологической экспертизы. Главная экологическая экспертиза. - М.: БЕК, 2014, 93 с.

Практикалық сабақ № 9. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер етудің түрлері, объектілері мен сатылары


Сабақтың мақсаты: ҚОӘБ кезінде ескерілуге жататын әсер етудің түрлері мен объектілері және сатылары туралы ақпарат алу


Негізгі қарастырылатын мәселелер:
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер ету түрлері
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер ету объектілері
3. ҚОӘБ сатылары
Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер етудің түрлері мен объектілері ҚР Экологиялық Кодексінің 66-бабында қарастырылған. 1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде әсер етудің мынадай түрлері:
1) тікелей әсер ету – белгіленіп отырған қызметтің негізгі және ілеспе түрлері тікелей болатын әсер ету;
2) жанама әсер ету – қоршаған орта мен халықтың денсаулығына белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру салдарынан туындауы мүмкін жанама (қайталама) факторлардан туындайтын әсер ету;
3) кумулятивтік әсер ету – қоршаған ортадағы бұрынғы және қазір бар антропогендік немесе табиғи сипаттағы әсер етудің жиынтығынан, сондай-ақ белгіленіп отырған қызметті жүзеге асырумен ілесіп жүретін негізді түрде болжанатын болашақ әсер етуден туындайтын тұрақты түрде ұлғаятын жағымсыз өзгерістердің нәтижесінде туындауы мүмкін әсер ету ескерілуге тиіс.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде мына объектілерге, оның ішінде олардың өзара байланысы мен өзара іс-қимылы кезінде:
1) атмосфералық ауаға;
2) жерүсті және жерасты суларына;
3) су айдындары түбінің бетіне;
4) ландшафтарға;
5) жер және топырақ жамылғысына;
6) өсімдіктер әлеміне;
7) жануарлар дүниесіне;
8) экологиялық жүйелердің және экожүйенің көрсетілетін қызметтерінің жай-күйіне;
9) биоәртүрлілікке;
10) халық денсаулығының жай-күйі мен өмір сүру жағдайына;
11) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін объектілерге әсерді бағалау жүргізіледі.
3. Белгіленіп отырған қызмет ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсер ете аталатын жағдайларда, қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде тиісті табиғи кешендерге, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне де әсерді бағалау жүргізіледі.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу кезінде антропогендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың, қоршаған ортаның авариялық ластануының туындауынан пайда болуы мүмкін қоршаған ортаға басқа да әсер ету де бағалануға жатады, белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсер етуін болғызбау және азайту жөніндегі ықтимал шаралар мен әдістер, сондай-ақ өндірістік экологиялық мониторингтің қажетті көлемі айқындалады.
5. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу процесінде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерлері есепке алынуға жатады.
6. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу процесінде парниктік газдардың шығарылуынан туындайтын әсер ету есепке алынуға жатпайды.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары ҚР ЭК-тің 67-бабына сәйкес атқарылады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау өзіне мынадай:
1) белгіленіп отырған қызметтің осы Кодекс талаптарына сәйкестігін айқындау, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу мақсатында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштерді қарау;
2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау;
3) ықтимал әсер ету туралы есеп дайындау;
4) ықтимал әсер ету туралы есептің сапасын бағалау;
5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару және оны есепке алу;
6) егер осы Кодекске сәйкес жүргізілу қажеттігі айқындалса, белгіленіп отырған қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсер етуіне жобадан кейін талдау жасау сатыларын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет