Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері


Стратегиялық экологиялық бағалау туралы жалпы ережелер (ҚР ЭК, 51-бап)



бет13/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Стратегиялық экологиялық бағалау туралы жалпы ережелер (ҚР ЭК, 51-бап)
1. Стратегиялық экологиялық бағалау деп осы Кодекстің 53-бабында көзделген сатыларды қамтитын, осы Кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды, елді мекендердің аумақтары мен бас жоспарларын дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі Кодекстің осы тарауының мақсаттары үшін – Құжаттар) іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсер етуін тиісінше зерттеулер негізінде анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау процесі түсініледі.
2. Стратегиялық экологиялық бағалау Құжатты әзірлеудің бүкіл процесі бойы жүргізіледі және оған Құжатты әзірлеудің қоршаған ортаға мұндай Құжатты іске асырудан туындауы мүмкін барлық елеулі жағымсыз әсер етуді уақтылы анықтауға әрі зерделеуге және Құжатты одан әрі әзірлеу және бекіту кезінде мұндай әсер етуді болғызбау немесе егер толық болғызбау мүмкін болмаса, барынша азайту жөніндегі барлық қажетті шараны ескеруге мүмкіндік беретін бастапқы сатысында бастама жасалуға тиіс.
3. Егер стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделсе немесе Құжаттардың әсеріне скрининг нәтижесінде айқындалса, оны жүргізбей Құжатты бекітуге, іске асыруға және онда көзделген іс-шараларды қаржыландыруға тыйым салынады.
4. Жоғары тұрған деңгейдегі Құжаттарды стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелері төмен тұрған деңгейдегі Құжаттарға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде ескерілуге тиіс.
5. Төмен тұрған деңгейлерде әзірленетін Құжаттарды стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелері жоғары тұрған деңгейлерде әзірленетін Құжаттарға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде ескерілуге тиіс.
6. Стратегиялық экологиялық бағалау, сондай-ақ Құжаттардың әсеріне скрининг осы Кодекске және экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
52-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау нысанасы
1. Стратегиялық экологиялық бағалау нысанасы іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін Құжаттардың жобалары, сондай-ақ қолданыстағы Құжаттарға енгізілетін, іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін өзгерістер және (немесе) толықтырулар болып табылады.
2. Қолданыстағы Құжатқа іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мұндай қолданыстағы Құжат оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін жобамен бірге стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
3. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын, балық аулауды, энергетиканы, өнеркәсіпті (пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді қоса алғанда), көлікті, қалдықтарды басқаруды, су шаруашылығын, телекоммуникацияларды, туризмді, қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуды жоспарлауды, жерді пайдалану мен қорғауды дамытуға бағытталған Құжаттар міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
4. Осы баптың 3-тармағының қолданылу аясына жатпайтын Құжаттардың жобалары, егер олар қоршаған ортаға әсер ететін қызметке қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау шарттары болып табылатын немесе болуы мүмкін ережелерді көздесе және егер стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттігі осы Кодекстің 55-бабына сәйкес жүргізілетін Құжаттардың әсеріне скринингтің нәтижелері бойынша белгіленсе, міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға қолданылмайды.
5. Осы баптың 3-тармағында санамаланған Құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, егер Құжаттардың әсеріне скринингтің нәтижелері бойынша мұндай өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізудің қажет емес екені белгіленсе, стратегиялық экологиялық бақылау жүргізілмейді.
6. Мыналар:
1) қаржы және бюджет салаларындағы құжаттар;
2) жалғыз мақсаты қорғанысты, ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылатын құжаттар міндетті стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуді талап етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет