Тапсырмалар: Дәріс материалдары мен СӨЖ-на арналған тапсырмаларды ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, практикалық сабақ тақырыбымен ұштастыру және талқылау.
Аталмыш сұрақтар төңірегінде презентация дайындау немесе сұрақтарға толық жауап жазбаны конспектілеу арқылы ауызша сұрақтарға жауап түрінде жазу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Дәрісте меңгерілген, зерделенген материалдармен семинар тақырыбын байланыстыра отырып, білімдерін бекіту.
Сұрақ-жауап:
1. Тікелей әсер ету туралы
2. Жанама әсер ету туралы
3. Кумулятивтік әсер ету туралы
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде қандай объектілер бойынша әсерді бағалау жүргізіледі?
5. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары ҚР ЭК-і бойынша қалай атқарылады?
Әдебиеттер тізімі
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (ҚР Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі)
2. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0
3. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.
4. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023809 («Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығы).
Практикалық сабақ № 10. Экологиялық бағалау. Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) мен ҚОӘБ жүргізу тәртібімен танысу
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
1. Экологиялық бағалау түрлері
2. Қазақстандағы стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ)
3. Қазақстандағы ҚОӘБ тәртібі
Экологиялық бағалау түрлері (ҚР ЭК, 49-бап)
1. Экологиялық бағалау бағалаудың нысанасына қарай:
1) стратегиялық экологиялық бағалау;
2) қоршаған ортаға әсерді бағалау;
3) трансшекаралық әсерді бағалау;
4) оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау түрінде жүргізіледі.
2. Стратегиялық экологиялық бағалау және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау осы Кодексте көзделген жағдайларда қоршаған ортаға трансшекаралық әсерге бағалау жүргізуді қамтиды.
3. Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын белгіленіп отырған және жүзеге асырылатын қызмет үшін, мынадай:
1) I және II санаттағы объектілер үшін эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеу;
2) белгіленіп отырған қызмет бойынша жобалау құжаттамасының құрамында "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімін әзірлеу және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде жүргізіледі.
Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау жүргізу талаптары мен тәртібі экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |