Сабақ : Өзін-өзі тану Уақыты: 3-сынып Мұғалімі: Шыныбекова Назгуль Амиртаевна Сілтеме



Дата08.09.2017
өлшемі66,28 Kb.
#30684
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

бастауыш және өзін-өзі тану

пәнінің мұғалімі Шыныбекова

Назгуль Амиртаевна

Сабақ : Өзін-өзі тану

Уақыты:

3-сынып

Мұғалімі: Шыныбекова Назгуль Амиртаевна

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, Оқулық, 3-сынып. Алматы «Бөбек» 210

Сабақтың тақырыбы:

Бірлігі жарасқан халықпыз

Жалпы мақсаттары:

Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру ; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; сөздік қорлары молайту

Түйінді идея

Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады (халық мақалы)

Оқыту нәтижелері:

Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастырады ; жағымды қарым –қатынас жасау іскерліктерін дамытады; сөздік қорларын молайады

Ресурстар(көрнекілік)

кері байланыс парақшалар, таратпа қағаздар

Дереккөздер:

Оқулық, 3-сынып. Алматы «Бөбек» 210

Әдіс-тәсілдер:

Жекелей, жұптық, топтық жұмыстар;


«Тілектер ұшағы» «Ыстық микрафон» «Конверттегі сұрақ» «Синквейн» «Адасқан сөздер» «Әріптер сөйлейді» «Үш тұғырлы» «Кубизм»

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс, қолпаштау, бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

( 4 минут )



Сәлемдесу

Психологиялық ахуал:

Сыныптың оқушыларын тілектер ұшағы арқылы топқа бөлу



Сәлемдеседі

Психологиялық ахуал:

Оқушылар алдарында жатқан түрлі түсті қағаздардан ұшақ жасап оған тілектерін жазады да, бір біріне бағыттап ұшырады. Оқушылар ұшақтың түстері бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады (қызыл, көк, сары, жасыл)


«Үш шапалақ»



Үй тапсырмасын тексеру:

( 6 минут )



«ыстық микрафон» әдіс бойынша «Ата өсиеті» әңгімесін қорытындылау


Оқушылар шаттық шеңберіне жиналдып, ыстық микрафонды алып кез-келген оқушыға үй тарсырмасы бойынша сұрақтарын қояды, келесі оқушы өзіне қойылған сұраққа жауап береді

«Үш шапалақ»

Ой қозғау

( 3 минут )



«Бірлігі жарасқан халықтар достығы туралы бейне көрсетілім көрсетемін -Балалар, бейне көрсетілімді көргенде қандай ой туды? -Бұлай бейне көрсетілімді көруіміздің мәні неде? Балалар, біздің Отанымыз қай ел? - Елімізде қандай-қандай ұлттардың тұратынын білеміз бе? Дұрыс айтасыңдар, Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады, бірдей білім алады, еңбек етеді. Олардың арман тілектері де бірдей, өйткені бәрінің жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады.

Оқушылардың назарын бейне көрсетілімге аударамын

Бейне жазбаны көреді, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты анықтайды, қол жетімді мақсат қояды.



«Ишара»

Жаңа сабақ;

( 15 минут )




Мәтінмен , оқулықпен жұмыс «Туысқан ел» Әр топқа конверттегі сұрақты таратамын I топ Өлеңді мәнерлеп оқиды. Түйіндеме жазады II топ Өлең мазмұнына сай кластер жасайды. III топ Өлең мазмұнына сәйкес постер құрау IY топ Авторға хат жазу

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап сынып алдында жария етеді.

«Үш шапалақ», ишара, скан арқылы




Әр ұлттың жақсы қасиетін сипаттау

Қазақ - қонақжай , орыс – жан-жақты, армян-алғыр, өзбек - еңбекқор, грузин - сөзге берік, азербайжан- өндіруші, украйн-бірізді, беларус-білімді, қырғыз-төзімді тәжік-өнерлі түркімен-сабырлы молдаван-сабырлы татар- жанасымды шешен-намысшыл неміс- атақты кәріс-тапқыр



Дарынды оқушыларды анықтау дарынды балалар өздері осы тақырыпқа сай жинастырып келген мәліметтерімен бөліседі

«Үш шапалақ)

(2 минут)

Сергіту сәті


Музыка әуеніне сәйкес іс-қимылдар жасайды




Бекіту, қорытындылау:

( 8 минут )



Синквейн (5 жолды өлең) 1 топ 1. негізгі ұғым -1 зат есім 2. негізгі ұғымның мағынасын ашатын 2 сын есім 3. негізгі ұғымды сипаттайтын 3 етістік 4. негізгі ұғым туралы 4 сөзден тұратын сөйлем 5. негізгі ұғымның синонимы 2 топ «Адасқан сөздер» Жеңіл Жұмыла Жүк Жеңіл Жоқ, тозады, ел, бірлігі, Бар, ел, озады, бірлігі. Алды, ынтымақ, ырыс. 3 топ «Әріптер сөйлейді» Бірлік сөзін тарқатып жазу 4- топ «Менің елім бақытты» немесе «Үш тұғырлы» әдіс «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші орыс, ағылшын тілінде дәл осы тақырып болып жатса не айтар едіңдер?

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды
1 Бірлік 2 Ұжымдасқан, біріккен 3 Бірігеді, жинақталады, топтасады 4 Бірлігі жарсақан тату елміз 5 Бейбітшілік

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Бірлігі жоқ ел тозады Бірлігі бар ел озады

Бақытты Ілгері жүретін Рухани бай Лайықты ой айтатын Ізетті Көпшілік қауым



«Екі жұлдыз, бір тілек»

Үйге тапсырма:

(2 минут)





Дәптерде берілген ашық хатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады




Рефлексия Жүректен жүрекке

(3 минут)



Мен мына кішкентай ғана допқа қарап отырып біздің жерімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп отырмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек. Егер барлық әлем сенің алақаныңда тұр деп есептесек, сенде үлкен күш пайда болса нені өзгертер едің? Оқушылардың пікірі арқылы тақырыптан шығу.)

Көрдіңіздер ме, жұмыр жерді мекендейтін әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен. үгінгі біздің қозғаған әңгімеміз ел тыныштығы, бірлігі, тәуелсіздігі туралы болды.

«Кубизм» әдісі арқылы бүгінгі тақырыптан алған әсерлерін анықтау


Оқушылардың пікірін білу

Оқушылардың қолына допты беріп, жағалай пікірлерін сұрау.)

Оқушы: Әлемде татулықтың болғанын қалар едім, Отанын құмет тұтуын, адамдар бір - бірімен дос болғанын, түсінгенін. Тыныштық, бірлік, бейбітшілік болса, әрбір ел тәуелсіз, егеменді болса деймін.

– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта не қиындық келтірді? Сабақтан қандай әсер алдың, не түйдің?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет