Сабақ № Сабақтың тақырыбы Тарау: Тақырып: Қыста. Тіл дамыту. Жалпы мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі54,86 Kb.
#18428
түріСабақ
Орыс мектебінің 3- сыныптарына арналған ашық сабақ жоспары

Мұғалімі: Тастеева Орынша Такесовна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының № 17 ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Апта

Күні: 14 ақпан, 2013 жыл

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Тарау:

Тақырып: Қыста. Тіл дамыту.



Жалпы мақсаты

«Қыста» тақырыбында еркін әңгімелей алуы, сұраулық шалауларды қолданып, өзара әңгіме сұхбат жүргізу , жұмбақ шешу арқылы ойлары дамиды және шапшаңдыққа үйренеді. Өз ойларын дәлелдеп үйренеді.

Күтілетін нәтижелер

Меңгерілген сөздерді еске түсіріп, тілдік қатынаста қолданады. Тіл байлықтары дамиды. Қыс туралы еркін әңгімелейді. Сұраулық шылаулардың ережесін қорытып, мысалдармен бекітеді.

Тапсырмалар

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, оқулық, дәптер, ақ парақтар, маркерлер, аққала макеті, бағалау парағы, қыс мезгілінің суреттері,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Тұлғааралық байланысты орнату.

  1. Сыныппен амандасу.

  2. «Жақсы тілек» тренингі.Оқушылар бір біріне тілек айтады.

Қыстың үш айына байланысты оқушыларды үш топқа бөлу. Бағалау парағы үйлестіріледі. Критериилері түсіндіріледі.

Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтып алу.



  1. Жапалақтап қар жауады,

Жердің бетін басады

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнекей кім табады? (қар)


  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)

  1. Қыста үйге кірмейді

Жазда жүрмейді ( шана)

  1. Қыста айна, Көктемде су. (мұз)

  2. Қысы-жазы бір түсті.Ол не? (Шырша)

  3. Табанға тақтым, зырлап тептім (коньки)

  4. Қанаты жоқ ұшады, аузы жоқ ұлиды. (Боран)

  5. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Біз бүгінгі сабақта не істейтініміз туралы айтайық.

Қар шашу музыка ырғағымен. Қағаз қарларға жазылған сөздермен сөз тіркестерін құрап айту.

Деңгейлік сұрақтар қою.


Әр оқушы бойында сыйластық қасиеті оянады.


Кезекпен ай аттарын атап тұрып топқа бөлінеді . Топ ережесін айтады. Өз рөлдерін анықтап алады ( спикер, репортер, лидер, хатшы)
Ойланып жұмбақ шешеді.

Аққаланын суретін құрастырып шығарады.


Тақырыпты және сабақтан күтілетін нәтижені анықтап алады.

Көздерін жұмып музыка тыңдайды. Қағаз қарлардағы сөздермен тездетіп сөз тіркестерін құрайды.

Оқушылар өткен сабақтарды естеріне түсіреді, ойланып жауап береді

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді


Тұсаукесер

Активстудиода видеоролик көрсетіледі.Ой бөлісу:

шолу

талдау

Сұрақ-жауап










Қыс деген не?

Қыс айлары қандай?

Қыстың ерекшелігі неде?

Жыл мезгілі

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Суық, аязды,Жаңа жыл болады

Семантикалық картамен жұмыс.

  1. Ма, ме ба,бе, па, пе деген не?

  2. Олар не үшін қажет?

  3. Қане шылауларды пайдаланып сұрақтар қояйық.

  4. Бүгінгі ауа райын сипаттап айтып беріңдерші

Видеороликті көріп, ой бөліседі.

Оқушылар өздерінің пікірін айтады. Жұптық жұмыс жүреді.

Оқушылар білімі негізінде жауап береді

Семантикалық картаны толтырып, өзара бағалайды

Оқушылар сұраулық шылауларды пайдаланып сұраұтар қояды, өзара жауап беріп сөйлеседі.

Бағалау парағына критериилер бойынша өздерін бағалайды, смайликтарді пайдаланып топтың жұмысын бағалайды. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша ұсыныстар айтады



Негізгі бөлім

Сергіту сәті: «Жаңа жыл» әні

І топ: Желтоқсан айы туралы сипаттау

ІІ топ: Қаңтар айы туралы сипаттау

ІІІ топ: Ақпан айы туралы сипаттау



Деңгейлік тапсырмалар орындау:

С деңгейі: Қысқы киімдерді жазып буынға бөл.

В деңгейі: Қысқы ойындар туралы сөйлем жаз

А деңгейі: 3-жаттығу. Қыс мезгілі туралы сөйлем жаз

Әр топ оқушылары постермен жұмыстанады:

І топ «Қыс қызығы»

ІІ топ «Қысқы еңбек»

ІІІ топ «Қысқы ауа райы»



Оқушылар ойланады, салыстырады

Оқушылар бірнеше сұрақтар дайындайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ұсыныстар айтады.

«Бағдаршам» арқылы кері байланысқа шығады. Өзара көмекке келеді.
Әр топ берілген тапсырма бойынша постермен жұмыстанады. Берілген суреттер бойынша әңгіме құрап, топ спикерлері әңгімелеп береді

Бағалау парағына критерилері бойынша өздерін бағалайды, смайликтарді пайдаланып топтың жұмысын бағалайды. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша ұсыныстар айтады



Қорытынды:
Үйге тапсырма:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы «Аргумен және факт» әдісі

  1. Қыста жақсы, бірақ, .........

  2. Коньки тебу көңілді, бірақ, ......

  3. Жануарлар жылы тон киеді, өйткені,.........

  4. Қыста адамдар жылы киім киеді, себебі, .......

С деңгейі: 4 – жаттығу Өлең жаттау

В деңгейі: диалог әңгімелеу

А деңгейі: «Қыс мезгілі » тақырыбына шағын әңгіме жазу

Оқушылар сөйлемдерді өзбеттерінше аяқтайды. Дәлелдейді

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.



Сабақтың рефлексиясы








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет