Академиялық материалдар. Барлық кітаптар мен мақалалар жақсы жазылған ба? Олар қаншалықты сенімді? Бұл сұрақтардың жауабын студенттің өзі ғана білуі тиіс. Студент оқыған материалдарының сенімділігіне шүбә келтірмес үшін мынандай жайттарды білгені жөн:
Студент мәтінді кімнің жазғанын білуі тиіс және оның авторы осы тақырып бойынша білетін адам болуы тиіс.
Материалдардың негізгі дереккөзін табуға тырысу. Материалдар өзге авторлардың сілтемелерінен табылса, ол материалдардың дәлелді екеніне сенімді болу үшін осы материалдың дереккөзін тауып, қолдану қажет.