Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет18/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тақырып дегенімі не?

  2. Эссенің тақырыбының мақсаты қандай?

  3. Зерттеу жұмысының сәтті шығуы неліктен тақырыпқа тікелей байланысты?

  4. Тақырыптың құрылымына мән беру қажет пе? Неліктен?

  5. Тақырып таңдау барысында қандай қателіктер орын алу мүмкін?

  6. Тақырыптың құрылымын жазу барысында қандай қарапайым шарттарды білген дұрыс?

  7. Таңдалған тақырыптың дұрыс немесе бұрыс бағытта таңдалғанын қалай тексеруге болады?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1. Мына тақырыптарды оқып, қай тақырып бойынша эссе жазу ыңғайлы және тақырыптың мақсаты қандай екенін анықтаңыз:
1) ЖОО-на өзге елден келген шетел азаматтарына қазақ тілін шет тіл ретінде оқытуды дамыту мақсатында жетілдірудің жолдарын анықтау.
2) Етістіктің шақтары: өткен шақ пен келер шақ.
3) Барлық қабілеттерді меңгеру.
4) Неліктен эссенің тақырыбы маңызды?

2. Мына тақырыптар бойынша ойшақырту амалын жасаңыз:



  • Кедендік одақ

  • Өлім жазасын алып тастау

  • Қару ұстау

  • ЖОО-дағы 4 күндік оқу.

3. Эссе жазатын тақырыпты таңдап, тақырыбыңыз бойынша досыңыздың қойған мына сұрақтарына жауап беріңіз:



  • Неліктен бұл тақырыптарды таңдадыңыз? Бұл тақырып сізді не үшін қызықтырды? Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?

  • Бұл туралы кім жазған? Кімдер мақала жариялаған? Бұл тақырыпқа байланысты ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?

  • Тақырыптың негізгі сұрағы қандай? Тақырып туралы талқыланатын мәселе бар ма? Бұл туралы қарастыратын пікірлер мен ойлар бар ма?

  • Тақырып қайда қажет болуы мүмкін және қай деңгейде жергілікті, ұлттық немесе халықаралық? Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны бар ма?

  • Тақырып қашан маңызды болды немесе болады? Бұл қазіргі уақытта орын алып отырған жайт па немесе тарихи оқиға ма? Сіз өз тақырыбыңызды қазіргі кезде маңызды деп санайсыз ба?

  • Төменде берілген тақырыптар қандай эссеге арналған тақырыптар? Тақырыптарға сұрақтар қою арқылы талдау жасаңыздар:

  1. Біз студенттерге үй жұмысын жасауды күштей аламыз ба?

  2. Емтиханды тестпен алу қажет пе?

  3. Лотерея ойнауға тиым салу қажет пе?

  4. Онлайн арқылы дәрістер жүргізу қажет пе?

  5. Мұғалімдердің білімін анықтау үшін тест алғанымыз дұрыс па?

  6. Шетелде білім алу

  7. 3 тілде білім беру жүйесі қолайлы ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет