Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынандай талаптарға сәйкес келеді



бет17/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынандай талаптарға сәйкес келеді:

  • Мазмұнымен сәйкес келеді

  • Оқырманның қызығушылығын тудырады

  • Жазба жұмысының бағытын байқатады. Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер қолданылады

  • Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды.

Қарым-қатынас – бетпе-бет немесе онлаин сөйлеу, әлеуметтік желілердегі достық қатынас.
Интернет – онлайн ойындар, әлеуметтік желілер, ақпараттарға қол жеткізу.
Адамдар – балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, ересектер, интернетте 5 сағаттан артық уақытын өткізетіндер.
Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерде жиі ұшырасады.
Студенттердің тақырып таңдау барысында жиі кездесетін қателіктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • тақырыптың тым кең болуы

  • тақырыптың өте шағын болуы

  • тақырыптың қызықсыз болуы

  • тақырып таңдау туралы кеңес сұрамауы

  • уақытты тиімді қолданбауы.

Аталған кемшіліктерді болдырмай, тақырыпты сәтті таңдау үшін мынандай амалдарды қолдануға болады:

  • ойшақырту амалдарын қолдану

  • өзі оқи алатын және түсіне алатын әдебиеттерге байланысты тақырып таңдау

  • тақырып жөнінде материалдар табуға және жаза алатынына сенімді болу

  • кілтті сөздердің тізімін жасап алу

  • бейімді болу

  • зерттеу тақырыбының сұрағын айқындап алу

  • өз тақырыбына байланысты көп алу

  • негізгі тұжырымдарды анықтап алу.

Тақырыпты іздестіру барысында мынандай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін:

  • материал таңдау: пәнге байланысты дәрістер мен оқулықтарды қайта оқып шығу арқылы тың идея туындауы мүмкін.

  • ойшақырту: жалпылама бір тақырыпты алып карта жасау және оның ішінен өзі жаза алатын тақырып таңдап алуға болады.

  • жаңалықтар: хабар, Қазақстан арнасы, экономика, газет, журналдар арқылы өзі қызықтыратын жаңа тақырыптар табуға болады.

  • ғаламтор: ғаламтордан кез келген тақырып бойынша кеңінен материалдар табуға болады, оларды орынды қолдана білудің жолдарын білу қажет.

Тақырыпты таңдап болған соң оның қаншалықты дұрыс құрылғандығын немесе дұрыс таңдалғанын мына сұрақтарға жауап беру арқылы айқындауға болады:

  • неліктен бұл тақырыпты таңдадыңыз? Бұл тақырып сізде не үшін қызықтырды? Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?

  • Бұл туралы кім жазған? Кімдер мақала немесе зерттеу жұмысын жарияланған? Бұл тақырыпқа байланысты ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?

  • Тақырыптың негізгі сұрағы қандай? Тақырып туралы талқыланатын мәселе бар ма? Бұл туралы қарастырылатын пікірлер мен ойлар бар ма?

  • Тақырып қайда қажет болуы мүмкін және қай деңгейде (жергілікті, ұлттық, халықаралық)? Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны бар ма?

  • Тақырып қашан маңызды болды немесе болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет