Тақырыпқа қатысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1. Академиялық жазылымда қолданылатын және қолданбайтын амалдарды табыңыз:
Амалдар
|
Қолданылады /
қолданылмайды
|
Өзіңіз білмейтін қиын, әрі күрделі сөздер
|
|
Қолдана алмайтын күрделі грамматикалық құрылымдар
|
|
Өзіңіз түсіндіріп бере алмайтын мәселе жөніндегі нақты пікір
|
|
Жазылып отырған жұмыс тақырыбына сай терминдер
|
|
Диалект сөздер
|
|
2. Академиялық хаттың ерекшелігін табыңыз:
Ерекшеліктер
|
Дұрыс / бұрыс
|
Обьективті түрде жазылады
|
|
Ғылыми стильде жазылады
|
|
Жүйелі құрылыммен жазылмайды
|
|
Сілтемелер мүлдем қолданылмайды
|
|
3. «Менің ойымша, зерттегім кеп» сөздері қай стильде қолданылуы мүмкін?
Көркем әдебиет
Ауызекі сөйлер стилі
Стилі публистикалық стиль
Ресми іс-қағаздар стилі
Ғылыми стиль.
Тәжірибелік сабақ №4-5-6
Тақырып: Академиялық оқылым әрекеті
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Академиялық оқылым әрекеті
2. Академиялық материалдар
Мақсаты: Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру сатыларын сипаттау. Мәтін түрлерін жіктеу. Академиялық материалдарды талдау.
Академиялық оқылым әрекеті. Кез-келген өз стилі болады. Барлық әріп танитын адам күнделікті қажетіне байланысты түрлі материалдарды оқуына тура келеді және олардың өзіне тән қалыптастырып алған оқу стилі бар. Қарапайым оқылым стиліне әрбір сөзіне көңіл бөліп, оны басынан аяғына дейін түсінуге тырысып оқитын көркем шығарманы оқу стилін жатқызу. Мысалы, «Аңыз адам» журналы түсетін болса, ол журналдың бетін парақтап өзін қызықтырған мақаланы ғана оқып шығуы мүмкін. Ал, оның қолында телефон нөмерлерінің тізімі жазылған анықтамалық болса, ол өзіне керекті адамның есімін ғана іздеуі мүмкін. Мектеп пен ЖОО-дағы оқылым мен мектептегі оқылымның айырмашылығын былай салыстырсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |