Академиялық хат және ғылыми стиль. Академиялық хат – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде стильдің 5 түрі:
Ауызекі
Публистикалық
Әдеби
Ғылыми
Ресми іс-қағаздар.
Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.