Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет8/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Мектептегі оқылым

Университет қабырғасындағы оқылым

Оқытылатын мәліметтер мұғалім тарапынан беріліп, қадағаланады

Оқитын материалдарды студенттің өзі таңдауы қажет

Барлық оқушылар бірдей материалдар оқиды

Студенттің оқитын материалдары таңдаған тақырыптарына байланысты болады,

Оқушы мәтінінің негізгі мазмұнын түсініп, одан түсінгенін мазмұндап беруі тиіс.

Студент мәтіндегі ақпаратты түсініп, ақпараттың қаншалықты маңыздылығын айқындауы керек, сонымен қатар өзге де пікірлермен салыстырып, байланыстыруы қажет.



Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру мына қарапайым сатыларды орындаған абзал:

  1. Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну

  2. Материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау

  3. Материалдарды оқып, түсіну

  4. Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа қатысты өзге авторлардың ойын білу

  5. Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында ойлану

  6. Оқыған мәтіннен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру

  7. Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан жасалынған мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру.

Академиялық бағыттағы мәтінді тиімді оқу үшін мәтіннің мақсатын, жазылу стратегиясын және мазмұнын өзара тығыз байланыста қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет